{metadescription}
Ақтауда пәтер кезегіне таласқан тұрғындар бір-бірімен төбелесе жаздады
Ақтауда пәтер кезегіне таласқан тұрғындар бір-бірімен төбелесе жаздады

Ақтауда пәтер кезегіне таласқан тұрғындар бір-бірімен төбелесе жаздады

Кезек үшін керіс. Ақтауда мемлекеттік бағдарлама бойынша өтініш қабылдаудың соңы шуға ұласты. Пәтер алу үшін тіркелем деген тұрғындар екінші тәулік құжат қабылдайтын орталықтың жанында кезегін күтіп, кіре алмай жүр.  Ішке бірінші өту үшін олар бір-бірін итеріп, сығылысып жатыр. Ал, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығындағылар бәрінің құжатын қабылдаймыз деп жайбарақат отыр.

Таңмен таласа тұрған тұрғындардың құжат қабылдайтын орталықтың табалдырығында кезектерін күткеніне екінші тәулік. Иін тірескен кептелістің әзірге тарайтын түрі жоқ. Мемлекеттік бағдарлама бойынша олардың бәрі де пәтер алудан дәмелі.

Венера Пірімбетова, Ақтау қаласының тұрғыны:

- Мына фамилияларды оқып тұрған адамның тіпті дауыс зорайтқыш құралы да жоқ. Бірдене айтсаң айқайлап салады. Қалай тапсыратынымызды ары қарай мен білмеймін.

Мұндай адамдардың нөпірін әкімдіктегілердің өзі күтпегендей. Негізі 478 пәтер үлестірілу керек. Ал, өтініш өткізуге келгендер одан он есеге көп. Ақтаудың үш жерінен құжат қабылдайтын орталық жұмыс істегенмен, оның өзі сеп болмай тұр.  Негізі, ұзын-сонар кезекте уақытты сарп етпей, интернет арқылы өтініш қалыдыруға мүмкіндік бар. Бірақ, оның көмегіне тек 30 адам ғанаи жүгінген.

Берік Ізғалиев, қалалық тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің жетекшісі:

-Біздің тек азаматтардан сұрайтынымыз сабыр сақтау, барлығы да құжаттарын тапсырып үлгереді. Біз құжат қабылдайтын қызметкерлердің санын көбейтіп жатырмыз тілек білдірушілердің көп болуына орай. Бізде әлі екі күн уақытымыз бар. Басында 6-ға  дейін қабылдаймыз деп едік, тілек білдірушілердің көп болуына орай 7-8 не дейін уақыт бөліп, азаматтарды қабылдаймыз.

Дәл осындай қарбалас Ақтауда 2015 жылы да болған еді. Ол кезде ішке кіре алмай, ашуға булыққан адамдарды сабасына түсіру үшін, тіптен сақшылар келген.Сол жағдай қала әкімдігіне сабақ болмағандай. Ерте ме, кеш пе құжаттарын қабылдаймыз беп жайбарақат отыр. Ал, пәтердің өзі тек бағдарламаның талабына сай келгендерге ғана берілмек.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде