{metadescription}
Ержан Тәтішевтің мылтығының қалай атылғанына қатысты сараптама жасалды
Ержан Тәтішевтің мылтығының қалай атылғанына қатысты сараптама жасалды

Ержан Тәтішевтің мылтығының қалай атылғанына қатысты сараптама жасалды

АҚШ мамандары белгілі банкир Ержан Тәтішевтің мылтығының қалай атылғанына қатысты сараптама жасады. Мұхит асып келетін үш сарапшы енді 4 күннен кейін Тараздағы сотта банкирдің өліміне байланысты жасалған қортындыны жария ететін болады. Бұл туралы бүгін Шымкентте тілшілерді жинаған Тәтішевтер отбасының адвокаты Евгений Яворский айтып берді.

Ержан Тәтішевтің өлімінен кейін төрт мәрте сараптама жасалғаны белгілі. Бірақ бір қорытындыда германиялық мылтық өздігінен атылуы мүмкін емес десе, біреулер олай болуы мүмкін деп ұйғарымға келген. Сондықтан марқұм банкирдің отбасы бұл мәселеге нүкте қою үшін сараптама саласында 20 жыл тәжірибесі бар америкалық Майкл Патрик Мерфи, Скотт Майкл Перкинс пен Ирис Делли есімді мамандарға жүгініпті. Олар Таразда болып жатқан сотқа шақырылып отыр. 

Евгений Яворский, Тәтішевтер отбасының адвокаты;

-Мұхит асып келетін 3 маманның әлемге белгілі сарапшылар екенін айту керек. Оларды куәгер ретінде тарту үшін сотқа өтініш жазамыз деп жоспарлап отырмыз. Және бұлардың айтқаны көп нәрсенің бетін ашып беретіне сенімдіміз. Әзірге, жасалған қорытынды туралы айта алмаймыз. Ержан Тәтішевтің әдейі өлтірілгені анық. 

Естеріңізге салсақ, «ҚазШыны Құрылыс» зауытының иесі белгілі бизнесмен Мұратхан Тоқмәди «Банк Тұран Әлем» банкінің бұрынғы қожайыны Ержан Тәтішевті өлтірді деген айыппен тергеліп жатыр. Ал, оны өлтіруге тапсырыс берген шетелге қашқан олигарх Мұхтар Әблязов деп танылды. Тапсырыс құны 4 миллион доллар екені де белгілі болған. Әу баста Ержан Тәтішевті байқамай атып алдым деген Тоқмәди жазасыз құтылған болатын. Бірақ осы істі қайта қараған Бас прокуратура қылмыстық іс қозғаған. Мұратхан Тоқмәди соттың бірінші отырсында-ақ банкирді әдейі өлтіргенін мойындады.

Айта кетейін, Таразда өтіп жатқан соттың келесі отрысы 27-ші ақпанға жоспарланған. Ол кезде мұхиттың ар жағынан келетін сарапшылар жаңа ақпарат айта ма жоқ па, 4 күннен кейін белгілі болмақ. 

Кеше

18 мамыр

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде