{metadescription}
Тікелей эфир: Астанада аса қауіпті қылмыскер әлі табылмай жатыр
Тікелей эфир: Астанада аса қауіпті қылмыскер әлі табылмай жатыр

Тікелей эфир: Астанада аса қауіпті қылмыскер әлі табылмай жатыр

Елордалықтар  екінші күн қатарынан қорқыныш құшағында! Түрмеден қашқан қарақшыны тәртіп сақшылары шарқ ұрып таппай жатыр. Бірнеше рет сотталған кәнігі қылмыскер тапа-тал түсте тергеу изоляторының қоршауынан секіріп өтіп кете барыпты. Тас төбесінен бақылап тұратын сақшылардың дәл сол сәтте қайда қарағаны өздеріне ғана аян. Ал қашқынды құрықтау үшін полиция Астананың маңайын түгел торуылдап, көліктерді жеке-жеке тексеріп жатыр. Астанадағы іздестіру шараларының барысы туралы айтып беру үшін тілшіміз Ербол Тұрымбет тікелей байланысқа шығып тұр.

-Қашқыннан хабар бар ма?

Бас қала кешелі бері мазасыз. Аса қауіпті қарашыны жан-жақтан іздеп таппай жатыр. Соңғы рет оны мына жерден көрдім-білдім деген біреу жоқ. Қарағанды облысының тумасы, 36 жастағы Ерасыл Арғымбаев ұрлық-қарлығы, тіпті қыз зорлағаны үшін бұған дейін бірнеше рет сотталған екен. Бұл жолы да сұғанақтығы үшін ұсталыпты. Сондықтан қапастың қуыс-қуысын жақы білетін ол биік дуалдан қашып шыққан.

Содан бері қаланың тәртіп сақшыларында тыным жоқ. Әсіресе, Астанаға кіреберістегі жол полициясы бекеттерінде қатаң тексеру. Соның кесірінен уақытынан кешіккен жолаушылардың қарасы көп. Бүгін де екінші күн қатарынан иін тірескен көліктер азаяр емес.

Әсіресе қаланың Қарағанды жағындағы шекарасында тұрған полиция бекетінде қарулы сарбаздар тұр. Себебі де белгілі. Қылмыскер сол жақтың азаматы. Сондықтан, қаладан шығып бара жатқан жолаушылар түгел тінтіліп жатыр.

- Жеке куәлік  бола ма жігіттер?

–Сіздікі ағасы?

- Бәрі дұрыс. Жолдарыңыз болсын!

Ал уақытша қамау абақтысының басшылығы бірдеңе айтты ма? Қарауындағы адамнан қалай айрылып қалған?

Абақты емес, жалпы ішкі істер министрлігі осыдан артық ештеңе айта алмай отыр. Ал қашқынның ұрын жолы өте қарапайым. Тал түсте ортадағы алаңқайда серуендеп жүріп жапсарлас тұрған ғимараттың үстіне шығып кеткен.Сол арқылы бірінші қоршаудан секіріп өтіп, одан ары негізгі қоршаудан асып түскен. Ал қоғамға қауіпті адамды қамап отыра алмаған мекеме қызметкерлерінде қазір жіті тексеріс. Бақылау мұнарасында болған сақшының өте жауапты сәтті қалай жіберіп алғаны беймәлім.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде