{metadescription}
Қарағандылық еріктілер көмек сұрады
Қарағандылық еріктілер көмек сұрады

Қарағандылық еріктілер көмек сұрады

Қарағандылық еріктілер газ баллоны жарылысынан ғашығы екеуі зардап шеккен Даниил Ефимовты жерлеуге қаражат жинап жатыр. 24 жастағы жігіт сол апаттан кейін есін жимаған күйі өткен сенбіде көз жұмды.

Елена Ефимова, марқұмның анасы: 

- Ақырына дейін үмітім үзілмеп еді. Өйткені асқазаны тамақты қабылдап, қорытып жатты. Қан тамырларын тазарту үшін 21 литр қан да тапсырдық. Амал нешік, әкесі де жол апатынан көз жұмып еді, енді жалғызымнан да айырылдым. Өмірімде мән қалмады. Енді Аннаның жайы үшін алаңдаулымыз.   

Марқұм 4 жылдан бері шахтада жұмыс істеп келген екен. 2 апта бұрын ғана 24 жасқа толыпты. Естеріңізге салсақ, 19-шы ақпан күні Северо- западная ауылындағы жер үйде газ баллоны жарылған еді. Даниилдің денесі 60, оның ғашығы Анна 50 пайызға күйік алды. Отқа оранған үйден оларды 17 жастағы көршісі алып шыққан. 16 жастағы Анна ертеңіне тілге келгенімен, Даниилдің беті бері қарамады. Есін жимаған күйі 6 күн жатып, ақыры бақилық болды. Марқұмның анасының айтуынша жанашырлық танытып,  жабыла қан тапсырғандар аз болмапты. Қазірдің өзінде жерлеу рәсіміне қажет қаражатты арнайы шотқа аударып жатқандар көп. Қаралы шаңыраққа баспана алып беруге де ақша қосамын деушілер де табылыпты. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.