{metadescription}
Астанада аса қауіпті қылмыскер қашып кеткен изоляторда ауқымды тексеріс басталды
Астанада аса қауіпті қылмыскер қашып кеткен изоляторда ауқымды тексеріс басталды

Астанада аса қауіпті қылмыскер қашып кеткен изоляторда ауқымды тексеріс басталды

Қарақшыдан хабар жоқ. Астанада абақтыдан қашқан тұтқын екінші күн қатарынан табылмай жатыр. Бірнеше рет сотталған кәнігі қылмыскер тапа-тал түсте тергеу изоляторының қоршауынан секіріп тайып тұрған. Оларды бақылап тұрған сақшылардың дәл сол сәтті қалай жіберіп алғаны беймәлім. Ал қашқынды құрықтау үшін полиция Астананың маңайын түгел торуылдап, көліктерді түгел тексеріп жатыр.

Астананың полициясын аяғынан тік тұрғызған қылмыскердің бүгін де табылмайтын түрі бар. Қауіпті қарашыны жан-жақтан іздеп таппай жатыр. Тапа тал түсте жоқ болған қашқын екінші күн қатарынан із кестірер емес. Оны ұстау үшін қылмыстық атқару жүйесінде дабыл қағылып, қалада «Вулкан» атты арнайы операция жүріп жатыр.Бірақ, оны Ішкі істер министрлігі оны растаған жоқ. Анығы, Қарағанды облысының тумасы, 36 жастағы Ерасыл Арғымбаев ұрлық-қарлығы, тіпті қыз зорлағаны үшін бұған дейін бірнеше рет сотталған. Бұл жолы да сұғанақтығы үшін ұсталыпты.

Оны іздеген тәртіп сақшылары іздеу жариялады. Үстінде сұр бушлят, қара тоқыма, қара шалбар, қара етігі бар. Одан бөлек, Астананың аумағына кіреберістегі полиция бекеттерінде көлік кептелісін қалыптастырып қойды. Әсіресе, Қарағандыға бағыт алғандар қатты тексерілуде. Әрбірінің бет жүзін анықтап, құжаттарын тексеріп жатыр.

- Жеке куәлікті көрсетіңіз.

-Сіздікі ағасы?

-Жолдарыңыз болсын!

-Ал ресми органдардың өздері не деп жатыр? Қамаудағы адамға қалай ие бола алмаған?

Жау кеткен соң қылышыңды тасқа шап демекші, қылмыскерден көз жазып қалған тергеу изоляторында тексеріс жүріп жатыр. Жалпы, Ерасыл Арғымбаевтың қамаудан сытылып шығуы күмән мен күдікке толы. Өйткені, қашқан жолы өте қарапайым. Түс әлетінде ол алаңқайда серуендеп жүріпті. Содан жапсарлас тұрған ғимараттың үстіне шығып, әрі қарай қоршаулардан секіріп кете барған. Ал қоғамға аса қауіпті адамды бостандыққа жіберіп алған мекеме қызметкерлерінің неге ай қарап қалғаны түсініксіз. Оның үстіне, тікенек сымдардың кей жерлері үзілген немесе, жоқ. Ал абақтының іргесінде адам сыртқа қарай шыққан аяқ іздері самсап жатыр.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде