{metadescription}
Алматы облысында артық қыламын деп тыртық қылған шенеуніктердің әрекеті жұрттың ашуын туғызды
Алматы облысында артық қыламын деп тыртық қылған шенеуніктердің әрекеті жұрттың ашуын туғызды

Алматы облысында артық қыламын деп тыртық қылған шенеуніктердің әрекеті жұрттың ашуын туғызды

Алматы облысында еріген қар суы елдің есін алды. Бұл жолы Ұзынағаш ауылы тұрғындарынан маза кеткен. Жағдайды түннен бастап тоқтаусыз жауған жауын ушықтырып жіберіпті. Өзен боп аққан қар мен жаңбыр суы көшелерді басып, адамдар табалдырықтан аттап басып шыға алмай отыр. Қызыл суда тұтқында қалған жұрт тасқын үйлерін ағызып жібере ме деп жандарын шүберекке түйіп отыр.

Төрт күннен бері Ұзынағаш тұрғындарында ұйқы жоқ. Күн мен түнді қызыл сумен алысып өткізген. Ал судың толастайтын түрі жоқ. Керісінше, үдей түсіп, көшелерді көлге айналдырған.   

Құрман Әлімхан, Ұзынағаш ауылының тұрғыны

-Тізеден су кешіп жүрміз. Балаларымызды арқалап өткізіп, таңертең апарып тастаймыз, алып қайтамыз.

Қар суынының бұлай қаптауы тұрғындар табиғаттың емес, атқамінерлердің кінәсі деп отыр. Тасқынның алдын алу мақсатында арық қазған шенеуніктер істің ебін таба алмай, артық қыламыз деп тыртық қылған екен.   

Айталы Қатыра, Ұзынағаш ауылының тұрғыны

-Екі күн болды мына арықты қазды. Мынау керісінше қазылған. Бұл тауға қарай су ақпайды ғой? Негізі была қарай ағызу керек еді, бұлар керісінше қазды да кетті болды еді.

Салдарынан су жолды жағалай емес, тура тұрғын үйлердің іргесіне қарай аққан.  

Айдос Изембаев, Ұзынағаш ауылының тұрғыны:

-Үйге қарама-қарсы қандай көпір салады бастары істеу керек қой кішкене! Бастары істемейді, маған қарама-қарсы көпір салды да кетті.

Қызыл сумен бетпе-бет қалған жұрт құтқару жұмыстарына өздері кіріскен. Бірі қолға күрек алса, енді бірі құм төгіп, іргелерін барынша бекітіп жатыр. Алайда, одан ағын азаяр емес. Ал нағыз құтқарушылар болса, жанталасудың орнына, құмды көліктеріне тиеп алып, су басқан үйлерді жанынан өтіп кетіп жүр.    

Марта Сайлауова, Ұзынағаш ауылының тұрғыны:

-Көріп тұрсыздар, көмек бермеді ғой бізге. Кімге береді көмекті сонда? Айтыңыздаршы! Барлығымыз көлде тұрмыз міне.

Кеше ғана Алматы облысы бойынша 200 дей үй  астында қалды делінген. Ал бүгін зардап шеккендердің саны 300-ге жуықтап отыр. Ал әкімшіліктегілер болса, алаңдайтын еш себеп жоқ деп кабинеттерінде жайбарақат отыр.

Ғалымұрат Жүкел, Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы:

- Облыс бойынша еш жерде төтенше жағдай жарияланған жоқ. Тасқын болып жатыр. Бірақ, төтенше жағдай жариялайтындай деңгейде емес.

-Ұзынағаш бойыенша қанша үйдің су асытнда қалғаны белгісіз. Өйткені ағын су сағат санап күшейіп жатыр. жағдайдың ушыққан сонша қазір көшелерге жаппай міне мынадай ала қызыл ленталар қойылған. яғни, көліктердің джүруіне тыйым салынған. Ал ауыл тұрғындары болса, өз үйлерінде тұтқында отыр. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде