{metadescription}
Астанада аса қауіпті қылмыскер қашқан изолятор қызметкерлеріне қатысты іс қозғалды
Астанада аса қауіпті қылмыскер қашқан изолятор қызметкерлеріне қатысты іс қозғалды

Астанада аса қауіпті қылмыскер қашқан изолятор қызметкерлеріне қатысты іс қозғалды

Қашқын қылмыскер Қарағандыда облысында ұсталды. Астанадағы тергеу абақтысынан сытылып шыққан Ерасыл Арғымбаев полицейлер болжағандай туған ауылына қарай бой тасалаған екен. Ал қарауындағы адамға ие бола алмаған тергеу абақтысының қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Полицейлер қашқынды Нұра ауданына қарасты Ахмет ауылының маңында ұстаған. Көліктерді тінтілегенде олар «Жигулидің» ішінде отырған 36 жастағы жігітті жазбай таныпты. Ерасыл Арғымбаев Астанадағы тергеу изоляторынан екі күн бұрын қоршаудан секіріп, із суытқан болатын. Ұрлық-қарлығы үшін осыған дейін бірнеше рет сотталған ол енді тағы 3 жыл жаза арқалауы мүмкін. Бұл жағдайға қатысты Ішкі істер министрінің өзі түсініктеме берді. Тергеу абақтысы жөндеуді қажет етеді деді Қалмұханбет Қасымов. Ал қоғамға қауіпті адамды бостандыққа жіберіп алған мекеме басшылығы қазір салғырттығы үшін жауап беріп жатыр.

Қалмұханбет Қасымов, ҚР  Ішкі Істер министрі:  

-Сотталушыдан бөлек, мекеме қызметкерлерінің немқұрайлылығына да қатысты қылмыстық іс қозғалды. Мұның бәрі анықталады. Негізі, тергеу изоляторы талаптарға сәйкес келмейді. Сондықтан бізге жаңа ғимараттар салу керек.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.