{metadescription}
Астанада "Нұрлы жол" вокзалының еден жуушылары наразылық білдірді
Астанада "Нұрлы жол" вокзалының еден жуушылары наразылық білдірді

Астанада "Нұрлы жол" вокзалының еден жуушылары наразылық білдірді

Жалақымызды бермейінше жұмысқа шықпаймыз! Астанада «Нұрлы жол»  вокзалының еден жуушылары еңбекақысын ала алмай зарлап жүр. Қаржыдан тарыққан адамдар бүгін «Нұрлы жолды» жумай қойды.

Әйгерім Телғозиева, еден жуушы:

-Менің күйеуім ауруханада жатыр. Соқыр ішек болды. Оған дәрі керек деп неше мәрте алдына келдім. Ақша жоқ дейді. Білгеніңді істей бер дейді маған. Сонда мен өз ақшамды ала алмаймын ба? Ал кеше вокзалдың адамы айтады. Қой, мал сияқтысыңдар деп  бізді. Сол сөзді есіткеннен кейін шығып кеттім.

Осылай намысына тиіп, ауыр сөз айтатындары да бар екен. Жұмысшылар Тиесілі ақымызды алсақ, енді мұнда жоламаспыз деп отыр. Жиырмадан астам жұмысшының жалақы алмағанына осымен екінші ай. Қыстың көзі қырауда бекетті тазалап, еденін, есік-терезесін дәретханасына дейін жуса да еңбектері еш кеткен. Ал вокзал басшылығы мән-жайды түсіндірген жоқ. Сондықтан адамдардың еңбекақысын қашан алары беймәлім.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.