{metadescription}
Петропавлда коммуналдық қызмет жұмысшылары күлкіге қалды
Петропавлда коммуналдық қызмет жұмысшылары күлкіге қалды

Петропавлда коммуналдық қызмет жұмысшылары күлкіге қалды

Петропавлдың коммуналдық қызметі  арам шөп оратын электр құралымен қар шабуға кірісті. Олардың осындай күлкілі әрекетін көргендер ұялы телефонға түсіріп, ғаламторға салған.

Қардың үстінде өсетін және тек коммуналдық қызмет өкілдеріне ғана көрінетін арам шөпті шабу желі қолданушыларының пікірін сан-саққа жүгірткен. Бірі бұл жұмысшылар әкімдікке артығымен сатып алынған жанармайды тауысып бітіруі керек десе, екіншілері ертең шаһарға келуі тиіс еліміздің премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мәминді  қарсы алуға дайындық болуы мүмкін депті. Шенеуніктер жұмысшылардың бұл әрекетін қар емес, қамыс ору деп түсіндірді. Олардың айтуынша, тұрғындардан қала шетіндегі  қамысты шабу жөнінде көптеген ұсыныстар түсіпті. Өйткені бұл жазда  түрлі өрттерге себеп болады екен.    

Дулат Шарапетдинов, Петропавл қалалық ТКШ бөлімі басшысының орынбасары:

-Биыл бізге 400 шаршы метр   жердің қамысын оруға ақша бөлінді. Жазда балшықтың кесірінен қамыстың арасына техника кіре алмайды. Ал биыл  қардың өте  аз түсуі бұл жұмысты  қыста  атқаруға мүмкіндік беріп отыр. Бұрын-соңды қыста қамыс орып көрген жоқ едік.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.