{metadescription}
Маңғыстауда құтыру дертінінің қайдан пайда болғаны анықталды
Маңғыстауда құтыру дертінінің қайдан пайда болғаны анықталды

Маңғыстауда құтыру дертінінің қайдан пайда болғаны анықталды

Маңғыстау облысында малдың жаппай құтыру дертінен қырылуына қасқыр мен түлкі кінәлі. Осындай болжамға тоқтаған ауылшаруашылық министрлігі, арам қатқан түйе мен жылқылар қауіпті індетті даладағы аң-құстан жұқтыруы мүмкін дейді. Себебі, бұл аймақта соңғы үш жыл ішінде қатерлі инфекцияның ошағы тіркелмеген.

Соңғы дерек бойынша 17 бас түйе мен жылқыдан құтыру дерті анықталған. Құзырлы ведомства өкілдерінің айтуынша, елді дүрліктірген төтенше оқиға өткен желтоқсан айында басталыпты. Қазір қауіпті жою мақсатында облысқа қажетті вакцина бөлінген. Естеріңізге салсақ, ақпан айында Жармыш ауылының тұрғындары малдарының белгісіз аурудан қырылып жатқанын айтып, дабыл қаққан еді. Іле-шала  індет Қарақия ауданы мен Жаңаөзен қаласына таралған. Ал, жергілікті билік, құтыру дертінен қолындағы малынан айырылғандарға нарық бағасына сәйкес өтемақы төлейміз деп, сендіріп отыр.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.