{metadescription}
Қарағандыда пациентін өлтіріп алған тіс емханасының есігіне  қара құлып салынды
Қарағандыда пациентін өлтіріп алған тіс емханасының есігіне  қара құлып салынды

Қарағандыда пациентін өлтіріп алған тіс емханасының есігіне қара құлып салынды

Қарағандыда 1 жарым жастағы сәби көз жұмған тіс емханасы жұмысын тоқтатты. Аталған жағдай бойынша қозғалған қылмыстық іс пен тексерістерден кейін емхана басшылығы өз қызметін доғару жөнінде арыз түсірген.

Дегенмен, қоғам денсаулығын қорғау департаментіндегілер тіс емханасына тексерістер жалғаса береді дейді. Соның қортындысы бойынша қозғалған қылмыстық іске пайдалы ақпараттар беріледі. Ал емханадағы анестезиологтың балаға аллергиясы бар-жоғын анықтамай наркоз бергені расталып отыр. Бір қызығы, дәл осы анестезиологтың қолынан осыдан 2 жыл бұрын 13 жастағы қыз өлген болатын. Ол бойынша тергеу әлі жүріп жатқандақтан дәрігердің емін-еркін басқа клиникада жұмысын жалғастыра берген. Естеріңізге салсақ, ақпанның 22-сінде жеке тіс емдеу клиникасына жұлдыруға келген Семен Арзамасцев наркоздан кейін есінен айырылған еді. Ақыры жансақтау бөлімінде көз жұмған. Оның ата-анасы – Қарағанды облысында келісім-шартпен қызмет етіп жүрген Ресей қарулы күштерінің әскерилері, яғни көрші елдің азаматтары.

Ольга Смирнова, Қарағанды облыстық қоғам денсаулығын қорғау департаменті басшысының орынбасары:

-Тіс емханасының жұмысы қожайындарының арызы бойынша тоқтатылды. Бірақ бұл біз тексеріс жүргізбейміз деген сөз емес. Тергеу жұмыстырының тыңғылықты жүруіне өз азаматы болған соң, Ресей жағы да мүдделі. Сондықтан бұған бей-жай қарамаймыз

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде