{metadescription}
Ақмола облысында баланы ит талап өлтірді
Ақмола облысында баланы ит талап өлтірді

Ақмола облысында баланы ит талап өлтірді

Оқиға бүгін түс ауа Қажымұқан ауылында болды.

Үй ауласында кішкентай Дамир итпен ойнап жүріпті. Бұл оның күнделікті әдеті екен. Отбасының асырауындағы төртаяқты болған соң хайуан мен баланың достығына ешкім тосқауыл қоймаса керек. Бірақ ит иттігін істеген. Баланы бас салып талап, жұлма-жұлмасын шығарыпты. 6 жасар бүлдіршін қарсыласып та үлгермеген. Айғайды естіп жүгіріп шыққан әкесі үйінен мылтық алып келіп, итін атып тастаған. Бірақ бәрі де кеш еді. Қан-жоса болып сау-тамтығы қалмай таланған бала өліп кеткен. Қазір Қажымұқан ауылында полиция оқиға бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Ит құтырған ба, жоқ па, анықталу үстінде.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде