{metadescription}
Аягөзді қоқыстан тазартқан жұмысшылар жалақысын даулап жүр
Аягөзді қоқыстан тазартқан жұмысшылар жалақысын даулап жүр

Аягөзді қоқыстан тазартқан жұмысшылар жалақысын даулап жүр

Еш кеткен еңбек. Шығыс Қазақстан облысында жұмысшылар әкімдіктен айлықтарын 4 жылдан бері даулап ала алмай жүр. "Аягөз-Тазалық" деп аталатын мекемеде істеген олар Аягөз қаласынының көшесін тазалаған. Жергілікті билік оларға жалпы соммасы 15 млн теңге берешек. Әкімдердің күнде ертең деген уәдесінен шаршаған жұмысшылар 10 күннен бері күл-қоқысты тазалауды да қойған. Ал әкімдің уәже қандай?

Қалада таудай үйілген мына қоқыстарды көргенде Дулат Бабатайұлы айтқандай «Аягөз қайда барасың?» деп толғанбасқа амал жоқ. Шашылған, сасыған қалдықтардан көз де, аяқ та сүрінеді. "Аягөз-тазалық" мекемесі әкімдік төрт жылғы жалақыларын төлемегесін қасақана қызметтерін тоқтатқан.

Сарқыт Досаева, «Аягөз-Тазалық» мекемесінің қызметкері:

-Ақшамызды аудан әкімшілігі бізге қарастырып, аударып бермейді. Себебін түсіндірген кезде бізге айтады келісім-шарттарыңыз жоқ дейді. Онда келісім-шарт болмаса неге көшенің бәрін тазалатты?

Саттар Әбілқасымов, «Аягөз-Тазалық» мекемесінің қызметкері

-Көп-көрім жұмыс істегенбіз. Кейінгі кезде тоқтап тұрмыз. Бұрынғы істеген еңбек ақымызды түгелін дұрыстап берсе екен деп ойлаймыз. Осы барлық жігіттер соны тілейміз.

Қыстың көзі қырауда жұмысшыларды даланың суықтығы емес, ақшаның жоқтығы қалтыратады. Қалай күн көреміз, отбасыны қалай асыраймыз деп бастары қатқан. О баста атқарылған жұмыстың актісіне әкімдік өзі қол қойған. Енді келіп төрт жыл бойына заңды жалақыларын төлемей түлкі бұлаңға салып жатыр екен.

Ербол Дүйсембеков, «Аягөз-Тазалық» мекемесінің директоры:

-Бізге қазіргі нақты акты бойынша қарызы  14 млн 700 мың қарыз. Кәсіпкерлік палатасына жаздық. Осы уақытқа дейін мен бір тиын ақша алып көрген жоқпын, өз қаражатымызға істеп келе жатырмыз.

Аягөздің әкімдігі болса жауапкершіліктен ат-тонын ала қашып отыр. Келісім-шарт жоғына сілтегенмен, осы уақытқа дейін бұл мекемеге онда тазалық жүргізуге қалай рұқсат бергендерін түсіндіре алмай мүдірді. Өздері қол қойған актіні көрмедікпен жауаптан құтылғысы келді.

Самат Серіков, Аягөз қаласы әкімінің орынбасары:

-Ондай ешқандай актілер, ешқандай келісім  бізге әкеліп берген жоқ. Біз көрген жоқпыз оны.

-Төрт жылғы еш кеткен еңбектерінің ақысын қайтармаса жұмысшылар құзырлы органдарға шағымданамыз деп отыр. Қолдарында сөздерін растайтын құжаттары болғанмен, жергілікті атқамінерлер оны растауға, мәселенің байыбына баруға асығар емес. Тек алдағы апталарда жағдайдың жай-жапсарын анықтаймыз деген сылтаумен кезекті рет шығарып салды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде