{metadescription}
30-ға жуық адамның өмірін жалмаған алапат өрт
30-ға жуық адамның өмірін жалмаған алапат өрт

30-ға жуық адамның өмірін жалмаған алапат өрт

Бакуде қызыл жалын шарпыған наркологиялық орталық түгі қалмай жанып кетті. Ал, әзірбайжан халқының қабырғасын қайыстырған қайғылы оқиғаны ел президенті тікелей өзінің бақылауына  алған. 

Тілсіз жау таңғы 6-ның шамасында тұтанған. Қаңқасы ағаштан тұрғызылған бір қабатты ғимарат лезде жалынға оранып, өрт сөндірушілерге екі сағат бойы бой бермепті. Әзірбайжан денсаулық сақтау минстрлігінің дерегінше, отызға жуық жан тірідей жанып кеткен. Олардың барлығы өз еркімен қозғала алмайтын науқастар екен. Сондай-ақ, 200-ге тарта науқас пен қызметкер қауіпсіз жерге көшіріліпті. Түтінге уланып, күйік шалған үш адам ауруханаға жеткізілген. Болжам бойынша, өрт электр желілерінің ақауынан тұтануы мүмкін. Қазір Илхам Әлиев бақылауына алған төтенше оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.