{metadescription}
"Концлагерь емес қой": Атырауда облысында тірідей жанып кеткен жұмысшылардың туыстары жатақханадағы сұмдықтарды айтты
"Концлагерь емес қой": Атырауда облысында тірідей жанып кеткен жұмысшылардың туыстары жатақханадағы сұмдықтарды айтты

"Концлагерь емес қой": Атырауда облысында тірідей жанып кеткен жұмысшылардың туыстары жатақханадағы сұмдықтарды айтты

Атырау облысындағы жатақханада жанып кеткен жұмысшылардың мүрделері бүгін үйлеріне жеткізілді. Қарабатандағы газтурбиналы электр стансасының құрылысында өртеніп кеткен 7 жұмысшының барлығы оңтүстік Қазақстаннан екені айтылған еді.

Өлгендердің біреуінің денесі кеше жеткізіліп, жер қойнына тапсырылған еді. Бүгін қалған алтауын ұшақпен әкелді. Жұмыс істеуге кетіп, табытпен оралғандардың туыстары қайғыдан қан жұтып отыр. Қаза тапқан жұмысшылардың ең үлкені 39-да, ең жасы 27-де екені белгілі. Бүгін сол 27 жастағы Мақсат Шыңғысбаевтың мүрдесі үйіне жеткізілді.

Өртеніп кеткен жұмысшының денесін әуежайдан әкелген бойда жаназа басталып кетті. Туыстарының марқұмды соңғы сапарға шығарып салуға да көп уақыты болмады. Табытты ашпаған күйі жерлеуге әкетті. Ауыр қайғыдан қабырғасы қайысқан туыстары жақындарының өліміне ол жұмыс істеген мекеменің салғырттығы себеп болды дейді.

Тәттігүл Сүлеева, марқұмның туысы:

-Жаңағы казармадан 380 вольт желі өтеді екен. Сол желі тұйықталып үзілген. Сөйтіп жерге түскенде жан-жақтың бәрі темір қоршау. Сол темір қоршауға тоққа отүседі. Казармада неге сигнализация жоқ?  Неге өрт сөндіру құралы жоқ? Неге құтқару апараттары жоқ?

Үйіндегі ұлдың үлкені Мақсат 2 жылдай Атырау облысында әкесімен бірге вахталық әдіспен дәнекерлеуші болып жұмыс істеп жүрген. Наурыздың 10-на өзі келіп, әкесі кетуі керек болған екен. Соңғы рет өртенерден 15 минут бұрын ғана жақындарымен сөйлескен ол түнгі ауысымнан шыққанын айтыпты. Оның артында 2 қызы мен ұлы қалды. Жетім атанған балаларының ең үлкені бар-жоғы 4 жаста.

Серік Омаров, марқұмның туысы:

- Есік терезе істеу керек. Бұны ұзын 12 метр вагон ішіне қамап, тура түрмеге қамағанмен бірдей ғой. Концлагерь құл ғой. Дұрыс па? Бұл мүмкін емес.

Марқұмдардың туыстары 7 адам тірідей жанып кеткен дөкей компанияда қатаң және толық тексеріс болуын талап етуде. Әйтпесе қазақтардың қойша қырылуы тоқтамайды деп есептейді. Еске салсақ, 2 наурыз күні Қарабатан стансасындағы «Газтурбиналы электр станциясының» құрылысы жүріп жатқан аймақтағы жатақхана өртеніп, 6 адам тірідей жанып кеткен еді. Ал, төртеуі ауруханаға түскен болатын. Кейін денесінің 75 пайызы күйіп қалған тағы бір жұмысшы ауруханада қайтыс болды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.