{metadescription}
Қаржы саласында әйелдердің белсенділігі артты
Қаржы саласында әйелдердің белсенділігі артты

Қаржы саласында әйелдердің белсенділігі артты

Бүгінде қыз-келіншектер еліміздің кіші және орта бизнесінде еңбек ететін тұлғалардың 52 пайызын құрап отыр. Осы орайда, Қазақстан қор биржасы гендерлік теңдікті қолдау мақсатында жаңа индекс ашты. Бұл дегеніміз әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін әлем бойынша нығайта түспек.

Үй мен түздің шаруасын дөңгелетіп қана қоймай, ел экономикасына да серпін беруге ат салысқан нәзік жандылардың 30 пайызы елімізде басшылық қызметін атқарады екен. Бүкіләлемдік экономикалық форумның статистикасына сүйенсек, әйелдердің бизнес, әлеуметтік мәселелердегі белсенділігі бойынша Қазақстан әлемдік рейтингте 31-орында тұр. Қаржы саласындағы табысты нәзік жандылар әйелдің әлеуметтік мәртебесін жоғарылатып, қоғамда қалыптасқан “әйелдер әлсіз” деген ұғымды жою үшін барымызды саламыз деп отыр.

Раушан СӘРСЕНБАЕВА Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығының президенті:

-Елімізде әйелдердің әлеуетін арттыру, оларды қолдау бағытында заңнамалық негіздер мен ресурстар жеткілікті. Сол себепті бүгінде қазақстандық іскер және кәсіпкер әйелдің мүмкіндігін кеңейтуге жол ашылды. Қазақстандағы гендерлік саясат қазір әлемдік сарапшылар тарапынан да жоғары бағаланды. Іскер әйелдер бұдан былай саяси, мәдени, барлық салаларда бірге әрекет етеді.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.