{metadescription}
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ресейлік әскерилердің қазасына көңіл айтты
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ресейлік әскерилердің қазасына көңіл айтты

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ресейлік әскерилердің қазасына көңіл айтты

Көрші елдің  ұшағы Сирияның Хмейми әуежайына жетер тұста апатқа ұшырап, ішіндегі 39 адамның барлығы қаза тапты.  

«Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан орны толмас қайғыларыңызға ортақтасып, көңіл айтамын. Және қаза болғандардың туыстары мен жақындарына қолдау білдіретінімізді жеткізуді сұраймын»  деді Назарбаев  Путинге жолдаған жеделхатында. 6 экипаж мүшесін есептегенде ұшақ ішінде болған 39 адам түгел қаза тапқан. Барлығы әскерилер. Арасында генерал -майор да болған. Әскери борт ұшып-қону жолағына табан тіреуіне 500 метр қалғанда құлаған. Алдын ала болжам бойынша апатқа аяқасты шыққан техникалық ақау себеп болуы мүмкін.   

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде