{metadescription}
Петропавлдық полицейлердің тосын сыйы қыз-келіншектерді сүйсінтті
Петропавлдық полицейлердің тосын сыйы қыз-келіншектерді сүйсінтті

Петропавлдық полицейлердің тосын сыйы қыз-келіншектерді сүйсінтті

Петропавлдың тәртіп сақшылары қаладағы қыз-келіншектерді  ерекше флешмоб ұйымдастырып құттықтады. Сондай-ақ, полицейлер нәзік жандар көп еңбек ететін ұжымдарға бас сұғып, оларға тосыннан гүлдер сыйлады. 

Флешмобқа полицияның 50 қызметкері қатысқан. Әдетте, ауыр қылмыстарға қатысты ұстау операцияларына ғана тартылып, бет-жүзін де көрсетпейтін арнайы жасақ жігіттерінің гүл иіскеп тұрған мейірімге толы көздері ешкімді бей-жай қалдырмады. Айналып тұрған сегіз саны, лүпіл қағатын жүрек бейнеленген  таспаны тәртіп сақшылары әлеуметтік желіге жүктеген екен. Бір күнде 40 мың адам көрген роликтің соңына қыз-келіншектер мыңдаған жылы лебіздерін  қалдырыпты. Сондай-ақ, бұл күні тәртіп сақшылары қаланың ауруханалары  мен мектептерінде қызмет ететін келіншектер мен өз әріптестеріне тосыннан гүл сыйлады.

Кеше

16 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде