{metadescription}
Қазақстанда гендерлік теңдік бар ма?
Қазақстанда гендерлік теңдік бар ма?

Қазақстанда гендерлік теңдік бар ма?

Биржада бүгін әйелдердің белсенділігі артты. Мереке алдында гендерлік теңдікті қолдағысы келген Қазақстан қор биржасындағылар сауда-саттықты бастау құқын осындағы нәзік жандыларға беріпті.

Үй мен түздің шаруасын дөңгелетіп қана қоймай, ел экономикасына да серпін беруге ат салысқан қыз-келіншектердің бүгінде 30 пайызы елімізде басшылық қызметін атқарады екен. Бүкіләлемдік экономикалық форумның статистикасына сүйенсек, әйелдердің бизнес, әлеуметтік мәселелердегі белсенділігі бойынша Қазақстан әлемдік рейтингте 31-ші орында тұр. Қаржы саласындағы табысты нәзік жандылар әйелдің әлеуметтік мәртебесін жоғарылатып, қоғамда қалыптасқан "әйелдер әлсіз" деген ұғымды жою үшін барымызды саламыз деп отыр.

Раушан Сәрсенбаева Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығының президенті:

-Елімізде әйелдердің әлеуетін арттыру, оларды қолдау бағытында заңнамалық негіздер мен ресурстар жеткілікті. Сол себепті бүгінде қазақстандық іскер және кәсіпкер әйелдің мүмкіндігін кеңейтуге жол ашылды. Қазақстандағы гендерлік саясат қазір әлемдік сарапшылар тарапынан да жоғары бағаланды.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.