{metadescription}
Қарағанды облысында ірі жол апаты болды
Қарағанды облысында ірі жол апаты болды

Қарағанды облысында ірі жол апаты болды

Қарағанды облысындағы тас жолдарда екі ірі жол апаты болып, жиырмадан астам көлік соқтығысты. Ақтүтек боранның салдарынан қазір Қарағандыдан шығатын барлық бағыттағы жолдар жабылған.

Осакаров ауданындағы Батпақ ауылынан өте берісте көктайғақ пен боранның салдарынан 15 көлік бірден соқтығысқан. Арасында бір автобус пен екі жүк көлігі бар. Көліктердегі 12 адам аудан орталығына жеткізілсе, жүргізушілер полицейлермен бірге жол апатының себептерін анықтап жатыр. Зардап шеккендер жоқ. Теміртаудан шыға берісте де осындай апат болған. Көзге түртсе көрінбейтін ақтүтекте 10 шақты көлік соқтығысыпты.

Мұрат Қатпанов, Қарағанды облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

-Кешелі бері Жезқазған-Петропавл және Астана-Теміртау бағыттарындағы жолдарды жапқанбыз. Күндіз сәл уақытқа көліктерді жіберу үшін аштық. Алайда іле-шала жол апаттары тіркеліп отыр. Қазір барлық бағытқа шектеу қойылды. Жұрттың ұзақ жолға шықпауын сұраймыз. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде