{metadescription}
Нұрсұлтан Назарбаев ер азаматтарға қолқанат болып жүрген әйелдердің мерейін асырды
Нұрсұлтан Назарбаев ер азаматтарға қолқанат болып жүрген әйелдердің мерейін асырды

Нұрсұлтан Назарбаев ер азаматтарға қолқанат болып жүрген әйелдердің мерейін асырды

Оларсыз күнің күн болмайды деген Елбасы бүгін еліміздің қыз-келіншектерін 8-ші  наурызбен құттықтады. Салтанатты шараға ресми реңк бергісі келмеген мемлекет басшысы мереке иелерінің алдында ағынан жарылып, жылы лебізін білдірді.  

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

-Сіздер ұлттың ұйытқысына,ұлттың ұятына,берекенің бастауына айналдыңыздар! Себебі біз тәуелсіз елде тұрып жатырмыз. Саясаттың барлығын өзіміз шешіп жатырмыз. "Әйелдерсіз күн көруге болады, бірақ көрген күнің күн болмайды" деген екен Қадыр ақын. Сіздер әрдайым ер азаматтарға қолқанат болып,қолдап келесіздер. Әйелдердің сөйлетудің амалы көп дейді. Бірақ сөйлетпеудің ешқандай тәсілі жоқ дейді қазақ. Біздің қоғамда сіздер әрдайым еркін пікір айтып,ел ісіне етене араласуға тиіссіздер. Жандарыңыз өте нәзік болғанымен, қайраттарыңыз ер азаматтан еш кем түскен емес. Әйел қаласа еркектен бәрін алады дейді. Тіпті фамилиясын да алады дейді. Ал құрметті ханымдар мерекемен тағы бір рет құттықтаймын. Аман сау болыңыздар. Ал енді концертті тамашалайық!

Президентпен концерт тамашалау құрметі бірден  4 мыңға жуық қыз келіншекке бұйырды. Олардың барлығы да өз саласында елеулі табысқа жеткен жандар. Оның үстіне салтанатты жиын әдеттегідей Ақордада емес, бұл жолы Қазақстан Орталық концерт залында өтті. Құттықтау сөзінде Елбасы мемлекеттік қызметте нәзік жандылардың артып келе жатқанын айтты. Сонымен қатар көпбалалы аналарға да үкіметтің қамқорлығын аямайтынын мәлімдеді.

Кеше

12 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.