{metadescription}
Шымкентте жоғалған баланың өлі денесі табылды
Шымкентте жоғалған баланың өлі денесі табылды

Шымкентте жоғалған баланың өлі денесі табылды

Шымкентте кешелі бері іздестіріліп жатқан екі жасар баланың өлі денесі табылды. Әлинұр Ерболатұлы әке-шешесімен тойға барып, ізім-ғайым жоғалған еді. Баланы күндіз-түні іздеген полицейлер мен еріктілер тек ертесіне жоғалған орыннан бірнеше шақырым жердегі судан тауып отыр.

Мейрамханананың аумағында ағып жатқан Қарасу өзені бойында ойнап жүрген бір топ балаларға қосылған ол сол суға құлап кеткен көрінеді. Бұл туралы әуелде білмеген туыстары жоғалған бөбекті өздері іздеп, нәтиже болмаған соң полицейлерге хабарласқан. Баланы табу үшін кинологтардың көмегіне сүйенуге тура келіпті. Иісшіл иттер Қарасу өзеніне әкеліп, ары қарай жалпы саны 70-ке жуық полицей мен құтқарушылар және 30-дан астам туысы мен еріктілер су бойын іздеп, сүңгуірлер өзеннің бірнеше шақырым жерін тінтіп шыққан.

Зарипа Тұрысбекова, ОҚО ТЖД баспасөз хатшысы:

-Қарасу өзенінің тереңдігі 60 см-ден 1 метрге дейін жерде және де судың ағымы 1-де 0,2 метр секундына ағысы кезінде іздестіру жұмыстарын жүргізіп, нәтижелі іздестіру жұмыстары нәтижелі болып, сағат 10.24-те баланың өлі денесі табылды. Оқиға орнынан 5 шақырым жерде.

Қарасудың Бадам өзеніне құятын тұсынан табылған баланың мүрдесі туыстарына берілді. Оның қайғыдан қан жұтқан жақындары тілшілермен тілдескісі келмейді. Жалпы, биыл күнгейде кішкентайлардың суға кетіп өлгенінің басы бұл емес. Ақпан айында Ордабасы ауданында 3 жасар бүлдіршін осылай көз жұмса, Отырар ауданында да 7 жасар жеткіншек өзенге құлап кеткен еді. 3 жасар баланың денесі көп ұзамай табылды. Ал шәуілдірлік жеткіншектің мүрдесі әлі анықталар емес.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.