{metadescription}
Қызылорда облысында су басып  қалған мектеп оқушылары қайда білім алады?
Қызылорда облысында су басып  қалған мектеп оқушылары қайда білім алады?

Қызылорда облысында су басып қалған мектеп оқушылары қайда білім алады?

Қызылорда облысында да тасқынның кесірінен ауылдағы мектептің бірінде сабақ тоқтатылды. Өйткені білім ошағын су басып қалған.

Қазалы ауданына қарасты Аранды ауылындағы мектепке рәзіңке етіксіз жолай алмайсың. Еріген қар суы осы маңға жиналып, білім ошағының ішіне жайылып кетіпті. Қазір едені көтеріліп, ылғалдан қабырғасы жарылып жатыр. Сондықтан шұғыл сабақ тоқтатылып, оқушылар көрші ауылдағы мектепке қатынап оқитын болды. Ол үшін әкімдік автобус бөлген. Енді Арандының балалары биылғы оқу жылын сол жақтан аяқтайтын сияқты. Себебі, су кепкеннің өзінде сыз басқан мектепте олар отыра алмайды.

Бағдат Бердәулетов, Қызылорда облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары:

-Сабақты тоқтату жөнінде шешім қабылданды. Осыған орай жергілікті әкімдікпен сол ауылдық округтің жанында орналасқан №25 орта мектепке осы он екінші наурыздан, бүгіннен бастап балаларды тасымалдау жүргізіліп, екінші аусымға оқу процессі кедергісіз жүргізілетін болады.

Кеше

16 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.