{metadescription}
Аягөз тұрғындары үйлерін басқан топан судан қалай қашып шыққандарын айтты
Аягөз тұрғындары үйлерін басқан топан судан қалай қашып шыққандарын айтты

Аягөз тұрғындары үйлерін басқан топан судан қалай қашып шыққандарын айтты

Шығыс Қазақстан облысындағы Аягөз ауданында төтенше жағдай жарияланды. Мұнда тосыннан келген топан су бірнеше үйді шайып кеткен. Соның салдарынан 300 адам қауіпсіз аймаққа көшірілді. Ал жұрттың дүние-мүліктерінің барлығы жарамсыз күйге түскен.

Осылайша, тасқын аягөздіктерді тосырқатып тастады. Қас-қағым сәтте 40 баспана белуардан келетін суда қалған. Үйдің үшіндегі, дүние- мүлік қалқыған қайық тәрізді. Тіпті, қызыл судың ағыны қатты болғаны соншалықты, жолдағы көліктерді ішіндегі жолаушыларымен қоса ағызды.

-Мама, машинада кісі бар ма? Ойбай, бері келіңдер. Ана кісі ағып бара жатыр ғой.

Құдай сақтап, қарқыны қатты тасқынан адамдар зардап шеккен жоқ. Әйтсе де, жұрт баспана ішінде қалған жеке бас құжаттарын да алмастан су кешіп қашуға мәжбүр болыпты. Ал өздігінен кете алмаған тұрғындарды трактордың қалағына отырғызып тасыған екен. Енді қараша сары балшықтан тұрғызылған баспаналары шайған топан суға шыдас бермей құлай ма деп алаңдаулы. Өйткені аулаға кірген суды дер кезінде тазартып үлгере алмай жатыр.

Міне, мына машина бір-екі рет қана суды сорды. Бензин жоқ дейді. Үйді су басып жатыр.

Облыстық төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, көшірілген 300 адам жергілікті екі мектепке орналастырылған. Қазір зардап шеккендер қажетті заттармен толық қамтамасыз етіліп жатқан көрінеді. Сондай-ақ, су алған аймақтар тазартылып, өзеннің жағасы иннерттік материалдармен бекітілуде.

-Жергілікті атқамінерлер осылайша бүлінген жерлердің қалпына келтіріліп жатқанын айтуда. Шыққан шығын мөлшерін құрылған арнайы комиссия анықтайтын болады. Сондай-ақ, «Қазгидрометке» сілтеме жасаған құтқарушылар жаңбыр жауып, су тасқыны әлі де болатынын ескертуде.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.