{metadescription}
Атышулы «Освенцим есепшісі» Оскар Гренинг дүниеден озды
Атышулы «Освенцим есепшісі» Оскар Гренинг дүниеден озды

Атышулы «Освенцим есепшісі» Оскар Гренинг дүниеден озды

СС офицері екінші дүниежүзілік соғыc кезінде концлагердегі жаппай қырып-жоюға қатысы бар деп, 90-нан асқан жасында 4 жылға сотталған болатын.

Алайда, марқұм өле өлгенше өзіне тағылған айыппен келіспей кетті. Бірақ, моралдық жауапкершіліктен қашпаған ол, концлагердегі қызметі үшін екі мәрте кешірім сұраған болатын. Айта кетейік, Оскар Гренинг Освенцимда екі жыл есепші болып жұмыс істеген. Сол жылдар аралығында 300 мың еврей өлтірілген. Ал, СС офицері тұтқындардан табылған ақшаны есептеп алып, бас штабтарына жөнелтіп отырыпты. Дегенмен, тек қана тұтқындардың жеке заттарына жауап бердім деген ол, жаппай қырып-жоюға қатысым жоқ деуден танбаған. 96 жасында дүниеден озған Гренингтің артынан қайғырып көңіл айтқандар емес, қарғап жатқандар көп. 

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.