{metadescription}
Тікелей эфир: Тасқынның астында қалған Аягөз жұрты баспаналарына орала бастады
Тікелей эфир: Тасқынның астында қалған Аягөз жұрты баспаналарына орала бастады

Тікелей эфир: Тасқынның астында қалған Аягөз жұрты баспаналарына орала бастады

Шығыс Қазақстан облысындағы Аягөз ауданында тосыннан келген топан судың арыны басылды. Қазір су шайған алты көшедегі апат салдарын жою жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал қауіпсіз аймаққа көшірілген 300 адамнын 260-ы өз баспаналарына қайта оралды. Әйтсе де, қабырғалары дым тартқан кейбір, үйлер шыдас бермей құлай бастаған.

-Бүгінде Аягөз ауданында қанша отбасы баспанасызы қалды?

Қазір бұл өңірде 100-ден аса баспананы су шайып кеткені мәлім.

Ал құрылған арнайы комиссия құлаған үйлердің саны мен шыққан шығын мөлшерін әлі де анықтауда. Сондықтан, баспанасыз қалған отбасылардың нақты саны әзірге белгісіз. 

-  Тасқыннан зардап шеккендерге қандай көмек көрсетіліп жатыр?

Бүгінде зардап шеккен отбасыларға қолдау көрсету үшін жедел штаб құрылған. Олар жұрттан жиналған қаражатқа, жылы киім және отын- су жеткізіп беріп жатыр. Әйтсе де, дүние-мүлкі жарамсыз күйге түскен қарашаға мемлекет тарапынан қандай көмек көрсетілетіні белгісіз. Бірақ үкімет өкілдері арнайы комиссияның қорытындысын күтіп отырғанын жеткізді.

Юрий Ильин, ҚР ІШКІ ІСТЕР ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

-Қазір Шығыс Қазақстан облысында жағдай тұрақталды. Аягөз ауданында тасыған су тоқтаған. Негізі, өзеннің тасуына бір күнде қардың екі айлық мөлшерден көп түсуімен қатар жаңбыр да себеп болды. Енді Балқаш көлінің деңгейін қадағалап отырмыз.

Сондай-ақ, алдағы күндері елімізде күн жылынатындықтан, көптеген өзендерде әлі де су деңгейі көтерілуі ықтимал. Сондықтан төтеншеліктер жұртқа тасқыннан сақ болуды ескертеді.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде