{metadescription}
КТК көпсериялы «Красный уровень» фильмін көрсетуге дайын
КТК көпсериялы «Красный уровень» фильмін көрсетуге дайын

КТК көпсериялы «Красный уровень» фильмін көрсетуге дайын

Бұл туынды еліміздегі діни экстремизммен күрес туралы. Сериалда халық ішіне ылаң салатындардың адамдарды қалай арбайтынын және алданғандарды алда не күтіп тұрғанын көрсетеді. Діни экстремизм тақырыбы КТК ұжымына жақсы таныс. Арнамыздың бейнеқорында Қазақстандағы теракттар туралы бірнеше деректі фильмдар мен репортаждар сақтаулы. Дәл осы материалдар бүкпесіз шынайы киноның түсірілуіне негіз болды.

Бұл өлім жазасына кесілген адам. Бірақ жаза іске асқан жоқ. Ал ол 2016 жылдың жазында Алматының қақ ортасында еш қаймықпастан 10 адамды атып өлтірген. Ақтөбедегі теракттан есін жиып үлгермеген халық үшін бұл үлкен соққы болды. Сол «қаралы» дүйсенбіде қауіптің қызыл деңгейі жарияланды. Алматыда оқты қарша боратқан қарапайым телефон сатушысы екен. Оның түрмеде жатып шындалғаны тек кейін белгілі болды. Күлекбаевтың бүлігі тіпті туыстарын да есеңгіретіп тастады.

Аяулым Үмбетқұлова, Р. Күлекбаевтың жұбайы:

-Мен әлі де оның бұндай жасағанына сене алар емеспін. Мүмкін оны біреу осыған итермелеген шығар.

Осыдан бір ай бұрын ғана діни экстремистер елдің батысында ойран салған еді. Ақтөбеде қару сататын дүкен мен әскери бөлімді басып алып, көшеде бей берекет оқ атқандар он адамды жер жастандырды. Қаладағы терроризмнің ең қауіпті қызыл деңгейі жарияланды. КТК тілшілері әдеттегідей қанды қырғын ортасында жүріп елге ең соңғы ақпараттарды жеткізіп отырды. 

Арнайы жасақтың теріс ағым өкілдерімен күресті бір сәтке тоқтатпайтынын бәрі біле бермейді. Ұлтық қауіпсіздік қызметі бір жылда ғана 11 теракттың алдын алған. Ал бес жылда қырыққа жуық жарылыстың жолын кесті. Алайда бұндай ақпарат көбіне құпия күйінде қалады. «Красный уровень» сериялы дәл осы айтыла бермейтін шындықтың шымылдығын түрмек.

Валентин Захаров, креативті продюсер:

- Басты мақсат өмірді көрсету. Бұл адамдардың үрейі, күдігі, қоғамдағы теріс ағымдардың бары туралы. Қолдан батыр жасағымыз келмейді. Өз ісінің нағыз шеберлерін көрсетеміз.

Сериал авторлары жаңа заманның ең қауіпті мәселесі -діни экстремизды және сол арам пиғылдылардың жетегінде кетпес үшін не істеу керек екенін көрсетеді.

Валерий Мызников, режиссер:

- Біздің фильмнің өзегі экшн, соғыс сахналары емес, бұнда теракттың алдын алу үшін қауіпсіздік қызметінің халықпен жұмысын көрсету. Ертең қауіп төне қалса не істеу керек. Бұл Қазақстанның ғана емес барлық елдердің мәселесі.

Ақпарат және коммуникация министрлігінің тапсырысымен түсірілген діни экстремизммен күрес туралы алғашқы сериалды біздің арна 31 наурыз бен 1 сәуір күндері көрсетеді.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде