{metadescription}
Алматы облысында оқушылар мен мұғалімдердің шетінен соқыр ішектері қабынып, ауруханаға жатқызылып жатыр.
Алматы облысында оқушылар мен мұғалімдердің шетінен соқыр ішектері қабынып, ауруханаға жатқызылып жатыр.

Алматы облысында оқушылар мен мұғалімдердің шетінен соқыр ішектері қабынып, ауруханаға жатқызылып жатыр.

Бір қызығы сол, науқастардың барлығы дерлік бір мектептің ұстаздары мен шәкірттері. Оқу ордасынан індет тарап жатқанына сенімді ата-аналар мектептепті карантинге жаптырып тастауды талап етіп, жанжалға басқан. Аппендикстің жұқпалы ауру емес екендігін айтқан дәрігерлер де, директор да даукес ата-аналарды сабырға шақыруда.           

Ашуға мінген ата-аналар мен мұғалімдер оқымайтын оқушыны емес, бұл жолы керісінше мектеп директорының өзін жиналысқа салды. Шәкірттері мен ұстаздары шетінен соқыр ішек боп ауырып жатқан ауыл тұрғындары басшылықты тақтаға шығарып, сұрақтың астында алды.  Ата-аналардың айтуынша, осы айда ғана 30-ға жуық балаға ота жасалыпты. Барлығы дерлік сабақтан кейін ауырған.      

Разия Заитова, Ташкентаз ауылының тұрғыны:

-Мынаны қараңызшы, бір айдың ішінде  30 баланы кесіп тастаған. Біз қорқып тұрмыз енді. Балаларды жібергіміз келмейді қазір!

Шәкірттер ғана емес, ұстаздары да індеттен қашып құтыла алмапты. Мехирмисам Заитованың да сабақтан кейін бірден іші ауырған. Есін жиса, дәрігерлер соқыр ішегін кестіріп тастапты.       

Мехирмисам Заитова, Ташкенсаз ауылының тұрғыны:

-Әр күні бір адам түседі, екі адам түседі.  Соның ішінде оқушылар да бар, үйде отыратын балалар да бар, балабақшаға баратын балалар да бар. Сол үшін қорқып отырғанымыз, ол не? Бір себебі болу керек қой? Себепсіз ауру болмайды!

Десе де, ұстаздары мен шәкірттері жаппай соқыр ішек боп жатқан мектеп басшылығы тым сабырлы. Ал педагогтардың шетінен пышаққа ілініп жатқанын жай кездейсоқтық деп отыр.   

Алма Насирдинова, мектеп директоры:

-Ол туралы мен не айта аламын енді? Мүмкін ол сәйкестік  шығар енді осылай боп жатқаны.

Дәрігерлер мен директордың сөзі бір жерден шығып отыр. Алаңдайтын еш негіз жоқ деген ақ халаттылар жұрттың ішегінің жаппай қабуынуы қалыпты жағдай деп атады.   

Дидар Айтжанов, Еңбекшіқазақ аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары

-Бұл қалыпты жағдай. Ешқандай эпидемия емес бұл. Тағы да айта кетемін, жұқпалы ауруға жатпайды. Ол жедел хирургиялық ауру.

Әрі ата-аналар айтқандай емес, ауылда жыл басынан небәрі 16 адамға ота жасалған екен. Мыңдаған тұрғыны бар Ташкенсаз ауылында кемінде 5-6 адам тұрақты түрде соқыр ішегін алдырып тұратын көрінеді.  

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде