{metadescription}
Мектеп әрі жатақхана. Астанада оқушылар мектепті   бірнеше отбасымен бөлісе алмай жүр
Мектеп әрі жатақхана. Астанада оқушылар мектепті   бірнеше отбасымен бөлісе алмай жүр

Мектеп әрі жатақхана. Астанада оқушылар мектепті бірнеше отбасымен бөлісе алмай жүр

Астанада мектеп ұжымы мен тұрғындар екі қабатты ғимаратты бөлісе алмай отыр. Бір нысанда он отбасы өмір сүріп, жүздеген бала білім алады. Ең қауіптісі, жатақханадағылар газ баллон пайдаланады екен. Және ғимараттың адам тұратын бөлігі әбден тозған.

-Мына екі қабатты ғимарат 2001 жылдан бері мектеп әрі жатақхана міндетін атқарып келеді. Яғни, тұрғындар 17 жылдан бері оқушылармен көрші тұрады. Бірінші қабаттағы бөлмелерде 30 жуық адам өмір сүруде. Ал екінші қабатта төменгі сыныптар сабақ өтеді. Жалпы бұл мектепте 740 бала білім алуда.

Сырттан қарағанда, мектеп пен жатақхананы айыру аса қиын емес. Ғимараттың қызыл кірпіш, ақ терезелі бөлігінде балалар оқиды. Ал саздан салынған сарайға ұқсас жұпыны бөлігінде адамдар тіршілік етеді. Екі ортаны аласа тор қоршау ғана бөліп тұр. Мынау пәтерлерге кіретін ескі есік. Іште тазалық туралы сөз қозғаудың өзі артық.

Аягөз Ескендірова, Астана қаласының тұрғыны:

-Біз мектепке басып кірген жоқпыз. Бұл жатақханада 37 жыл тұрып жатқан отбасылар бар. Енді келіп, бізді   заңсыз кіріп алды, шықпайды дейді. Балаларға кедергі келтіргіміз келмейді. Әкімдік басқа пәтер тауып берсін, көшеміз. 

Аягөздің мұнда тұрып жатқанына 22 жыл. Осында екі баланы  дүниеге әкеліп, өсірген. Бұл отбасы ас ішетін, жатын бөлме дегенді білмейді. Бәрі ортақ. Ең қауіптісі, тұрғындар газ баллонын пайдаланады екен. Апат  болса қалса, жүздеген баланың өміріне қауіп төнгелі тұр.

Гүлсина Шөкейқызы, №34 мектеп директорының орынбасары:

- Жатақхана болған соң кісілер келеді.Арақ та ішеді, темекі де тартады, төбелеседі кей жағдайлар.  Қарауылдарды ескертіп қойдық. Учаскелік инспекторды  шақырсақ, келмейді. Жанымызды шүберекке түйіп жүреміз  шынына келгенде.

Ал басқа барар жері жоқ жанұялар бұл бөлмелерден бүгін-ертең  шықпаймыз деп отыр. Мектептегілер мен тұрғындар талай рет бір-біріне қарсы арыз жазған. Сот адамдарға басқа баспана берілсін деген шешім шығарып бергенімен, әкімдіктегілер оған құлақ аспайды екен.

Гүлзада Қарағожина, Астана қаласының тұрғыны:

-Арендалық бөлме берсін, бір бөлме. Ақшасын төлейміз.  Кезекте тұрдық, әлі бермейді.

Мұндағылардың Астанада тұрады деген аты болмаса, тұрғындар суды сырттан тасиды. Әжетхана да далада, тура оқушылар ойнайтын спорт алаңына жақын орналасқан. Ал ата-аналар балаларының жатақхана аралас мектепте білім алып жүргенінен бейхабар болып шықты. 

Қауіпті жағдай, әкімдік өздері қарау керек. Оны неге жатақханаға береді?

Негізі, бұл нысан кезінде колледж мамандарына қызметтік үй ретінде берілген екен. Бірақ бөлмелерді иелері әлі жекешелендірмеген. Ал әкімдіктегілердің мектеп жанындағы жатақханаға қатысты қандай шара қолданатыны әзірге белгісіз.

Кеше

16 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде