{metadescription}
Талдықорғанда әскери ұшақтың апатына кінәлі деп танылған ұшқыштар босап шықты
Талдықорғанда әскери ұшақтың апатына кінәлі деп танылған ұшқыштар босап шықты

Талдықорғанда әскери ұшақтың апатына кінәлі деп танылған ұшқыштар босап шықты

Талдықорғанда қос бірдей әскери ұшқыш бостандыққа шықты. Бұған дейін олардың бірі 3 жылға, ал екіншісі 4 жылға сотталған болатын. Енді Радик Әшімов пен Әділбек Ысқақов, шартты түрде жазасын өтейді. Ал, жыл басында бірінен соң бірі бас бостандығынан айырылған ұшқыштарды тергеу изоляторының алдынан туған-туысқандары қарсы алды.

Радик Әшімов, Талдықорған әуе базасының бұрынғы ұшқышы:

-Менің тарапымнан берілген шағым арызды апелляциялық коллегия қанағаттандырмай тастады. Бірақ, ең бастысы бостандықта, отбасымның ортасындамын. Өкініштісі, енді ұшақтың штурвалына отыруға рұқсат жоқ. Себебі, көк аспан менің екінші үйім болатын.

31 жастағы Радик Әшімов ақпанда 3 жылға сотталған еді. СУ-27 ұшағын тізгіндеген ол оқу-жаттығу кезінде әуе кемесін шассисіз қара жерге қондырды. Қатты зақымданған ұшақ әлі күнге дейін жөндеуде тұр. Техникалық ақауға қарамастан аман-есен жерге қонған ұшқышты  әріптестері алғашында арқасынан қақса, кейін сот күтпеген шешім шығарған болатын. Алайда, жазасы шартты түрге ауысқан Әшімов өзін кінәлімін деп есептемейді. Ал, оның ізін ала Әділбек Ысқақов та тергеу изоляторынан бостандыққа жіберілді. 2016 жылы ол мінген СУ-27 әскери ұшақ апатқа ұшырап, өзі секіріп кеткен. Алғашында әуе кемесін елді мекенге құлаудан сақтап қалдым деп, қаһарман атанған Ысқақовтың, кейін бар өтірігі әшкереленген. Тергеу барысында әскери қызметкердің орталыққа өтірік ақпар бергені, яғни, ұшақта жеткілікті керосиннің болмағаны анықталды. Бірақ, енді шартты түрде жазасын өтейтін ұшқыш, қандай да бір түсінік беруден бас бартты.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде