Білім министрлігі  студенттерге арналған жаңа жатақханаларға  қанша қаржы  жұмсалатынын есептеп қойыпты. Шенеуніктер  75 мың орындық студенттер үйін салуға бюджеттен 180 миллиард теңге бөлмек.Бибігүл Асылова, ҚР Білім және ғылым вице-министрі:-Жоғары оқу орындары мен тапсырыс берушілер...
Елімізде студенттерге жатақхана салуға қанша ақша жұмсалады?
Елімізде студенттерге жатақхана салуға қанша ақша жұмсалады?

Елімізде студенттерге жатақхана салуға қанша ақша жұмсалады?

Білім министрлігі  студенттерге арналған жаңа жатақханаларға  қанша қаржы  жұмсалатынын есептеп қойыпты. Шенеуніктер  75 мың орындық студенттер үйін салуға бюджеттен 180 миллиард теңге бөлмек.

Бибігүл Асылова, ҚР Білім және ғылым вице-министрі:

-Жоғары оқу орындары мен тапсырыс берушілер несие алады. Бірақ, қарызды мемлекет жабады. Жатақханалар  пайдалануға берілген соң, оқудың ақысы қымбаттамайды. Жаңа орындар білім  бағасына  еш әсер етпейді.

Яғни, алдымен жоғары оқу орыны  немесе құрылыс компаниясы  жатақхананың жобасын әзірлеп, Білім министрлігіне бекіттіреді. Кейін шетелдік, отандық банктерден несие алып, құрылысты бастайды. Ал қарызды мемлекет өтейді. Студенттер үйі салынып біткен соң,  Білім минситрлігі университеттерді  аймақтан  келген студенттерді жатақханамен қамтуға заңмен міндеттемек. Қазір шененуіктер жаңа құжатты әзірлеп жатыр екен. Елімізде 530 мыңнан астам  ұл мен қыз жоғары оқу орындарында білім алуда. Олардың тең жартысы жан-жақтан келген. Көбіне жатақханадан орын жетпейді. Сондықтан олар пәтер жалдап тұруға мәжбүр.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.