{metadescription}
Алматыда кезекті аналар үйі ашылмақ
Алматыда кезекті аналар үйі ашылмақ

Алматыда кезекті аналар үйі ашылмақ

Тастанды тағдырлар тоғысқан «Аналар үйі» қаламыздан төртінші баспанасын ашпақ. Ұйымдастыру алқасы демеуші кәсіпкерлермен біріккен отырыста осындай шешім қабылдады. Себебі тағы бір әлеуметтік мекеме ашудың қажеттілігі артып тұр екен.

Яғни, орталықтың 5 жылдық ғұмырында келушілердің саны арта түспесе кемімеген. Бүгінгі таңда еліміз бойынша үш мыңнан астам ана мен бала аталмыш жоба аясында пана тауып отыр. Әлеуметік мекеме қиын  жағдайға тап болған әйелдерге баспанадан бөлек, психологиялық кеңеспен де қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, жүкті немесе нәрестелі әйелдерді өтпелі кезеңнің сынағына шыдап, «көкек ана» атанбауға көмектеседі. Қазіргі таңда еліміз бойынша тастанды балалар саны 70 пайызға төмендепті.

Самат Даумов, «Аналар үйі» меценаты:

-Бұл әлеуметтік жоба қоғамда үлкен резонанс тудырып, көптеген қазақстандық  қалталы азаматтар жобаның меценаты болуға ат салысты. Менде солардың бірімін. Тірі жетімдер санын азайтып, өмірдің қысылтаяң кезеңіне тап болған жас және жалғызбасты аналарға көмектесу әрбір азаматтың борышы деп ойлаймын.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде