Олар әжесі мен немересін елордаға әкетудің өзі заңға кереғар деп отыр. Тіпті, адвокаттар өз қорғауындағы жеткіншекпен кездесе алмай, тығырыққа тірелген. Осындай кедергілер көп болғандықтан, олар енді бұл жәйтті Бас прокурор өз қадағалауына алса дейді.
Зорланды деген 7 жасар баланың қорғаушылары мен қоғам белсенділері Алматыда тілшілерге істегі шикіліктерді жайып салды

Абай ауылында болды делінген сұмдық жәйтқа қатысты дау күннен-күнге ушығып барады.  Ал, қалай зорланғанын жіпке тізгендей айтып берген баланың қорғаушылары құзырлы орындардан мүлдем үміт үзген. Өйткені, Оңтүстік Қазақстан облысының прокурорына дейін жүгінсе де, іс алға жылжымапты. Тіпті, әжесі мен немересін бас салып Астанаға әкетудің өзі заңсыздық деп есептейді. Ал, қазір адвокаттар өз қорғауындағы азаматтармен кездесе алмай, тығырыққа тірелген.

Бауыржан Азанов, адвокат:

- 48 сағат болды, ол баламен кездесе алмай жүргенімізге, баланың өзімен, баланың әжесімен. Қалай олар Астана қаласынан бір-ақ шыққанын мен білмедім. Мен білмеймін де, түсінбеймін де. Баланы алады да, басқа жаққа алып кеткен деген, біз енді қалай айтамыз? Заңды деп мен өзі айта алмаймын. Сондықтан, мұндай таңда біз енді арызданамыз.

Баланың жағдайына, әсіресе, анасы алаңдаулы. Отбасының жалғыз асыраушысы өзі бармай, ешқандай сараптама жүргізбеуді өтінген. Тіпті, ойламаған жерден Астанадан бір шыққан жақындарымен тілдесе алмай, дал болыпты. Бұл туралы қамкөңіл ана қоғам белсенділеріне айтып берген.

Аружан Сайын, қоғам белсендісі:

- Біз баланың анасымен кездестік. Ол көзімізше Астанаға, яғни, баласына қайта-қайта қоңырау шалды. Алайда, бүкіл телефон өшірулі болды. Ол Елордаға жалғыз барудан қорқып қалған. Сондықтан, құқық қорғаушыларды күтумен болды.

Ал, қорғаушылар әжесі мен немересіне ауылда талай тысым көрсетілгенін мәлімдеді. Мәселен, жеткіншекті зорлады делінген оқушылардың бірінің әкесі қоқан-лоқы көрсеткен көрінеді. Бұл туралы жергілікті полицейлер де жақсы біліпті. Алайда, сол кезде қорғансыздарға араша түсер жан табылмаған.

Дінмұхаммед Артықов, құқық қорғаушы:

- Ішіп алып, жаңағы баланың үйіне барып қорқытып, арыздарын қайтып алмасаңдар сендерді өлтіремін, көшіремін деп, бірнеше рет бұл жағдай осы 6 ай көлемінде болып келген. Әкесінің тарапынан қорқытулар.

Шикілік көп деген жеткіншектің жанашырлары енді бұл істі Бас прокурор қадағауға алса дейді. Бүгін адвокаттар мен баланың анасы Астанаға жол жүреді. Сөйтіп, сотқа дейінгі тергеудің әділ өтуін талап етпек.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.