Көктемнің ең үздік премьерасына аз ғана уақыт қалды. Екі аптадан кейін КТК да «Красный уровень» көпсериялы филімі көрерменге жол тартады. Туынды күнделікті күйбің тірлік, адамдар арасындағы қарым-қатынас, кикілжіңдер және ірі қалаларда жарлыс жасауды көксейтін қылмыстық топтар туралы.
«КТК»-да премьера! «Красный уровень» сериалы жақында көрсетіледі

Фильмнің сюжеті шым-шытырыққа толы. Сондықтан көрермен сериалдың соңы немен аяқталатынын білмей демін ішінде сақтайды. Кино шынайы болуы үшін авторлар  әрбір детальмен тыңғылықты жұмыс істеген. Әртістердің киімі, образы тіпті диалогтар да. «Красный уровеньдағы» эпизодтардың басым бөлігі өмірден алынған.   Қазақстандықтар ұлттық қауіпсіздікке жауапты адамдар туралы көп біле бермейді. Сондықтан басты рөлдерді сомдаған Берік Айтжанов, Тәукел Мүслім, Филипп Волошиндер тергеуші болу үшін ұлттық қауіпсіздік қызметінде біраз уақыт арнайы жаттығудан өтті. Жағымсыз кейіпкерлердің образын алып шыққан Нышанбек Жұбанаев, Ермек Тұрғанбектерге де біраз тер төгуге тура келді. Себебі мыңдаған адамның өмірін қиюға дайын діни экстремистің мінез құлқын, арам пиғылын көрсету оңай емес. Сериялда кімнің өліп, ал кімнің тірі қалатыны 31 наурыз бен 1 сәуір күндері белгілі болады.

Валерий Мызников, режиссёр:

 - Бұл фильмді бәрі көруге тиіс. Бұл бір арнайы топқа арналған кино емес. Неліктен дейсіз ғой? Себебі, біз адамдар туралы, олардың тағдыры туралы айтамыз. Ал ол бәріне қызық. Мұнда қырғи-қабақ соғыс та, жүректі тербейтін мөлдір махаббат та бар. Сондай-ақ отбасы ішіндегі қарыс-қатынас, әріптестер арасындағы, және діни экстремистік ұйымдар арасындағы қарыс қатынас көрсетіледі.

Кеше7

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...