{metadescription}
Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинді кезекті жеңісімен құттықтады
Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинді кезекті жеңісімен құттықтады

Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинді кезекті жеңісімен құттықтады

Ресей президенті  кеше өткен сайлауда халықтың басым бөлігінің даусына ие болған еді. Енді ол алдағы алты жылда ел басқарып қала бермек.

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

-Сіздің тиімді басшылығыңыздың арқасында Ресей ауқымды саяси және экономикалық реформалар жүргізу, халықтың әлеуметтік әл-ауқатын арттыру, жаһандық және өңірлік өзекті проблемаларды шешу арқылы алға басып келеді. Біздің бірлескен жұмысымыз алдағы уақытта да Астана мен Мәскеудің табысты диалогының берік негізі болып қала беретініне сенімдімін.

Сондай-ақ, Назарбаев әріптесінің 76 пайыздан астам дауыс жинауы халықтың оған деген сенімін білдіретінін атап өтті. Бұл жолғы президент сайлауында Путин ресейліктердің рекордтық қолдауына қол жеткізіп отыр. Яғни, оған 54 миллионнан астам азамат дауыс берген.  Ал, таққа таласқан өзге үміткерлер коммунист Павел Грудинин 11 пайыз, Ресейдің либералды демократиялық партиясының төрағасы, атышулы Владимир Жириновский 5,7 пайыз ғана жинаған. Ал, тележүргізуші Ксения Собчакты электораттың небары 1,6 пайызы ғана қолдапты. Енді осымен төртінші мәрте Ресей президенті болған Путиннің инаугурациясы 7-ші мамырға жоспарланып отыр.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде