{metadescription}
Қорлық: Алматыда марқұмды жерлеуге келгендер қорымнан кері қайтуға мәжбүр болды
Қорлық: Алматыда марқұмды жерлеуге келгендер қорымнан кері қайтуға мәжбүр болды

Қорлық: Алматыда марқұмды жерлеуге келгендер қорымнан кері қайтуға мәжбүр болды

Бейітті бизнеске айналдырған кәсіпкерлер! Алматыда марқұмды жерлеуге келген қаралы топ, мәйітті жер қойнына тапсыра алмай қорымнан кері қайтты. Себебі, зиратқа иелік еткендер әдеттегіден қомақты қаржы талап етіп, марқұмды жерлеуге рұқсат бермей қойған екен. Ал, амалы таусылғандар, мәйітті қайтадан үйлеріне алып кеткендерін айтады.  

Мансұр Иниятұлы, марқұмның туысқаны:

-Таңнан бері әлі жүрміз. Өзіміз адамдарымызға  қаздырайық десек рұхсат жоқ.

Қайғыдан қан жұтқандардың айтуынша, тендер арқалы қорымға иелік еткен компания  55 мың теңге ақша сұрапты. Сонда ғана аталарыңды ақтық сапарға алаңсыз шығарып саласыңдар деген. Бірақ, қаралы отбасының ондай қаржы тауып беруге шамасы жоқ дегендер, мұсылмандыққа жат қылық жасағандарға қолданар шара жоқ дейді. Себебі, бұған дейін қорымға төленетін қаржы 10 мың теңгеден аспаған екен. Ал, қорым иесі мен қаралы топ арасында дәнекер болуға тырысқан аудандық атқамінерлер, ақыр соңында жауаптан жалтарып кетті.

Рысбек Тоқтасынұлы, марқұмның туысқаны:

- Біздің мұсылманшылық жолда қазып берсе қалғанын туысқандар өздері кіргізіп қояды ғой ішіне, сосын ағайындар ішіне топырақ салады.  Бұл кісілер 55 мыңды бостан босқа алып отыр ғой. Сонда жағдайы жоқ адам қабірдің ішіне жата алмайтын болып тұр ғой....

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.