{metadescription}
Еуропада қазақтың киіз үйіне сұраныс артып жатыр
Еуропада қазақтың киіз үйіне сұраныс артып жатыр

Еуропада қазақтың киіз үйіне сұраныс артып жатыр

Бельгиялық азамат фирма ашып,  көшпенділердің баспанасының замануи нұсқасын шығарауда.

Стефан Климофски Орта Азияда болып көрмеген. Киіз үйді ғаламтордан көріп, оның жетілдірілген вариациясын өндіруге кірісіп кетеді. Өзі ашқан Be Yurt компаниясына тапсырыс та көп. Бизнесменнің ойынша, жас отбасылар бір бөлмелі пәтерге қол жеткізу үшін мыңдаған еуро ипотекалық несие алғанша,  киіз үйде тұру тиімдірек болмақ. Дегенмен киіз үй деуге де келмейді. Өйткені, Еуропада киіз таппаған болар, сыртын су өткізбейтін матамен қаптапты. Еденіне ағаш төсеген. Диаметрі сегіз метрден асатын баспананың ішінде апаларымыздың жиған жүгі емес, дивандар қойылып, заманауи интерьер жасалған. Жатын бөлме, әжетхана, ас үй сынды бөлмелері де бар.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.