{metadescription}
Головкиннің жекпе-жегі өтпей қалуы мүмкін бе?
Головкиннің жекпе-жегі өтпей қалуы мүмкін бе?

Головкиннің жекпе-жегі өтпей қалуы мүмкін бе?

Геннадий Головкин Сауль Альвареспен жоспарланған кездесуі өтпей қалса, WBO (даблю би о) белбеуінің иегері британдық Билли Джо Сондреспен жекпе-жек ұйымдастыруға ниетті. Ал, допинг сынамадан екі мәрте сүрінген «Канелоны» бүгінде бүкіләлемдік бокс кеңесі жіті тексеріп жатыр.

" 5-мамырға жоспарланған Альвареспен кездесуіміз өтеді деп сенемін. Бұл бокс әлеміндегі ғаламат жекпе-жек болмақ. Егер комиссия допингке байланысты Канело  рингқа шықпайды десе, мен Билли Джо Сондерспен шаршы алаңда кездескім келеді.  Арманым - барлық белбеуді иемдену". 

Шетелдік сарапшылар көпшілік тағатсыздана күткен айқасқа қатысты түрлі болжамдар айтуда. Мәселен, мексикалық промоутер Де Ла Хойя Лас-Вегаста жоспарланған екінші кездесудің "Альварес ісіне" қарамастан міндетті түрде өтетіндігін жеткізді. Айтуынша, Мексиканың ұлттық мейрамымен тұспа-тұс келетін 5 мамыр күні «Канело» қазақстандық боксшыға еш мүмкіндік бермей, сұлатып салады. Осы орайда, Головкиннің де айтары бар. «Трипл джи» бірінші жекпе-жектің алдында Альварестің бұлшықеттерінде иненің іздері болғанын мәлімдеді. Сондай-ақ, отандасымыз Альварес пен оның промоутерін өтірікшілер деп атады.Айта кетейік, қос қарсылас арасындағы екінші кездесу 5-мамырға жоспарлнған.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.