{metadescription}
Шапан киген Нұрсұлтан Назарбаев елді  Ұлыстың Ұлы күнімен құттықтады
Шапан киген Нұрсұлтан Назарбаев елді  Ұлыстың Ұлы күнімен құттықтады

Шапан киген Нұрсұлтан Назарбаев елді Ұлыстың Ұлы күнімен құттықтады

Қазақстан халқы ұлттық мейрам – Наурызды дүркіретіп тойлап жатыр. 5 күнге жалғасатын ұлық мерекені атап өтуді бүгін Астанада президенттің өзі бастап берді. Нұрсұлтан Назарбаев қазақ елін әз-Наурызымен құттықтап ақ тілегін арнады. Үстіне шапан киген  президент халықтың жанында болып думандарды бірге тамашалады. 

Биыл Әз-Наурыз әдеттегідей  Елорданың басты алаңында емес,  «Экспо» аумағында өтіп жатыр.  Мұнда ондаған киіз үй тігіліп, нағыз қазақы этноауыл бөй көтерген. Ал, осында таңертеңнен ағылған  тұрғындар мен қала қонақтарының қарасы өте көп. Ал, мерекенің басты мейманы –Нұрсұлтан Назарбаев. Президент алдымен осы «Экспо» қалашығындағы «Конгресс холда» мейрамға орай өткен концертті тамашалап, кейін жұртты ұлық мереке – Наурызбен құттықтады. 

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Бұл біздің негізгі жаңа жылдық мерекеміз болады түбінде. 1-ші  қаңтарды бірінші Петр алып келген ғой.  Жалпы мереке күн мен түннің теңелетін уақыты.  Жақсылыққа қарай адамның беті бұрылатын,  табиғат оянып, барлығы жадырайтын осы кез. Қазақта жаңа жыл жарылқасын, ескі жыл есіркесін деген бар. Ақ мол болсын, қайда жүрсең жол болсын дейді. Жалпы еліміздің жолы болсын болашақта. Мәңгілік ел болуға қадам басқан жолымыз құтты болсын, ақ болсын бақытымыз мол болсын

Ал, осы кезде этноауылда думандатып жатқан астаналықтар Елбасыны тағатсыздана тосып жүрді. Президент те өзін көп күттірген жоқ. Концерттен шыға сала нөкерлерін ертіп, осы қазақ ауылына бас сұқты.   Үстінде  алтын түсті шапан, басына бөрік. Ұлттық киім киген Елбасыны көрген жұрт мәз-мәйрам. Тіпті, қаумалаған адамдар кішкентай ұл-қызын көтеріп, президенттің қолын ұстатып қалуға жанталасты.

Наурыздың алғашқы күнін мемлекет басшысымен қарсы алған тұрғындардың тойлатына бар жағдай жасалған. адамдар үшін де мерекенің басты тағамы наурыз көже мен бауырсақ  та аста-төк. Тіпті, арнайы тайқазанда мың литр көже пісіріліп, тегін таратылды. Оны думандатқан жұрт небары бірнеше сағаттың ішінде тауысып қойды.

-Наурыз мерекесімен құттықтаймын. Мен қуаныштымын бүгін ерекше күн.

Көжеге тойған халық кейін, күрес тамашалап, асық ату секілді ұлттық ойындарды ойнады. Сахнада да түрлі эстрада жұлдыздары әннен шашу шашып, астананы әнмен күйге бөледі.

Жалпы, Наурыз мерекесі бір күнмен ғана шектелмейді.  Еліміздің барлық өңірінде концерттік бағдарламалар, түрлі спорттық шаралар әлі бірнеше күн жалғасын таппақ.  

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.