{metadescription}
Солтүстік шенеуніктері олимпиададан жүлдесіз оралған спортшыларға сыйақы берді
Солтүстік шенеуніктері олимпиададан жүлдесіз оралған спортшыларға сыйақы берді

Солтүстік шенеуніктері олимпиададан жүлдесіз оралған спортшыларға сыйақы берді

Құр қайтса да, қаржыдан қақпады. Пионшаңда өткен паралимпиадада жолдары болмай, елге медальсіз оралған солтүстікқазақстандық атлеттерге сыйақы берілді. Жергілікті әкімдік еңсесі түскен спортшыларға осылайша дем бермек болыпты.

Шаңғымен 20 шақырым жүргіріп, төртінші орынға тұрақтаған Александр Герлицке 1 миллион, ал, қалған үш спортшының әрқайсысына 500 мың теңгеден берілді. Олимпиада чемпионы атанғандарға берілетін 250 мың АҚШ долларымен салыстырғанда, бұл әрине, сонша көп сома да емес. Дегенмен, паралимпиадашылар бұған мәз болды. Айта кетейік, Оңтүстік Кореяның Пионшаң қаласында өткен паралимпиадаға еліміздің атынан қатысқан 7 спортшының төртеуі Солтүстік Қазақстан облысынан барды.

Александр Герлиц, шаңғышы:

-Төртінші орынды ағаш медаль дейді ғой. Қатысушылардың көбі кәсіби спортшылар деп естідім. Бұл, әрине, біздің көңілімізге тиеді. Өйткені, мұның барлығы қандай қиындықпен, еңбекпен келгенін өзімізден басқа ешкім білмейді. Мен әзірге осы орынға лайықты болып тұрмын. Дегенмен, алда әлі 4 жыл уақыт бар.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.