{metadescription}
Тікелей эфир: ШҚО-да тұрғындар төленетін өтемақыны әлі ала алмай жүр
Тікелей эфир: ШҚО-да тұрғындар төленетін өтемақыны әлі ала алмай жүр

Тікелей эфир: ШҚО-да тұрғындар төленетін өтемақыны әлі ала алмай жүр

Шығыс Қазақстан облысының  жұрты  әлі де  тасқынның зардабын тартып отыр. Қазір Шемонаиха қаласында тұрғындардың көлкіген суда қалған дүние-мүлкі жарамсыз болып қалған. Олардың айтуынша, несиеге алған тұрмыстық техникалары істен шығып кеткен. Ал арнайы коммисия екі күннен бері үйлерді аралап бүлінген заттарды есептеп бітіре алмай жатыр.

-Топан судан келген шығын мөлшерін коммисия қаншалықты анықтай алып жатыр?

Қазір коммисия тасқын шайған 53 баспананың бірін қалдырмай аралауға тырысуда. Сондықтан шыққан шығынның көлемін есептеп үлгере алмай жатқаны рас. Себебі, жарамсыз болып қалған зат көп.Ал қолдарында қойын дəптері бар комиссия мүшелері əр баспанаға бас сұғып, бүлінген заттарды тәптіштеп жазып алып жатыр. Сондай-ақ, құны олар есептейтін бағадан асып түсер бұйымдар да баршылық. Яғни жұрттың несиеге алған тұрмыстық техникаларының төленбеген қарызы тағы бар.

Инна Таратута, Шемонаиха қаласының тұрғыны:

-Комиссиядағылар жарытып ештеңе айтпады. Менің тоңазытқышым, кір жуғыш машинам түгелі жарамсыз күйге түсті. Тек жазып қана алды. Ал үйді көруге жер кепкенде келеміз деді.

-Ал тұруға жарамсыз деп танылған баспаналардың жайы не болмақ?

Кейбір үйлердің қабырғасы құлап қалған. Сондай он баспанаға қатысты енді қандай шешім қабылданары да белгісіз. Себебі, коммиссия өкілдері әзірге мұндай үйлерді суретке түсірумен ғана шектеліп жатыр. Олар соңғы сөзді жергілікті билік айтуы тиіс дейді. Алайда тасқыннан келген шығынның көктиынын қалдырмай жұртқа толық өтеп береміз деп сендірді. Ал әзірге мамандар суда қалған баспаналарды түгел аралап біткен жоқ.

Екатерина Тимошенко, бағалаушының көмекшісі:

-Бүгін 10 үйді араладық. Үйге су кіргендіктен жұрттың басым бөлігі дүние-мүлкінен айырылған. Жиһаздары бүлініпті. Бəрін суретке түсіріп, жазып алдық.

Қазір мұнда аулаларды топан судан тазарту жұмыстары жалғасып жатыр. Судың деңгейі төмендеген. Ол баспаналардың ішінде мүлдем қалмады. Сондықтан кейбір тұрғындар үйлеріне оралып жатыр. Бірақ ұрлық- қарлықты болдырмау үшін полиция қызметкерлері су басқан аймақты əлі де күзетіп жүр.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде