{metadescription}
Көптен күткен «Красный уровень» осы аптада эфирге шығады
Көптен күткен «Красный уровень» осы аптада эфирге шығады

Көптен күткен «Красный уровень» осы аптада эфирге шығады

Алдағы демалыс күндері ұлттық қауіпсіздік комитеті мен экстремистік ұйымдардың текетіресін көрсететін отандық сериал көрерменге жол тартпақ. Кинокартинада үнемі апат ортасында жүретін қауіпсіздік қызметкерлерінің күнделікті өмірі баяндалады. 8 сериядан тұратын туындының осы аптада тұсауы кесіледі.

«Қызыл деңгей» деп аталатын бұл фильм шытырман оқиғаға толы.

Қазақстанға төнген үлкен қауіпті шынайы көрсететін кинокартина Астана, Алматы қалалары мен Алматы облысында түсірілген. Содырлармен күн сайынғы күресті қамтитын сериалда бас кейіпкер - Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеушісі Ернар Есенгелдиев. Оны белгілі актер Берік Айтжанов сомдайды.

Берік Айтжанов, актёр:

- Кинодағы әрбір рөлім, үлкен талапты қаже етеді. Ол үшін тынбай еңбектену керек болды. Себебі, кейіпкерім түрлі қиындықтарға кезігеді. Отбасылық, тұрмыстық мәселелерден бөлек қызмет бабында қайғылы жағдайлар орын алады. Бұған қарамастан, ол алға ұмтылады.

Атышулы арнайы операциялар мен тұтқындаулар жайлы жұрт жиі естиді. Десе де, оның бүге-шігесін біле бермейді. Мәселен Қысқа балақты шалбар киіп, сақалды болудың себебі не? Бетперде киген адамдар кім? Осы сұрақтардың жауабын фильмнен табуға болады. Ал көрерменнің қызығушылығын оятатын туындының режиссері Валерий Мызников

Валерий Мызников, режиссер:

- Мен әрқашан актерлерді мұқият таңдаймын. Себебі кейіпкерлердің өміріндегі қиын кезеңдер жұртты әрқашан қызықтырады. Фильм барлық көрерменге арналған. Ол белгілі бір аудиторияға бағытталған жоқ.  Шытырман оқиға ға толы туындыда атыс-шабыс пен мелодрамалық сарында бар. Түрлі бағытты қамтыған фильм көрерменге шынайы әсер етеді деп ойлаймын.

Экстремистік топтар мен арнайы қызмет өкілдері арасындағы текетірес туралы фильмнің әр бөлімі 45 минуттан тұрады. Ал түсірілім барысында актерлардан бөлек сарапшы-теологтар, құқық қорғау органдарының мамандары да тартылды. Осыдан болар әр сәті шынайы шыққан сериалды сенбі күні сағат 22:00 де КТК арнасынан көре аласыздар.

Кеше

16 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде