{metadescription}
Павлодарда қоғам белсенділері мен экологтар шу шығарды
Павлодарда қоғам белсенділері мен экологтар шу шығарды

Павлодарда қоғам белсенділері мен экологтар шу шығарды

Айтуларынша, жергілікті билік өкілдері Ертіс бойындағы орман алқабын бір-ақ сәтте жойып тастағалы отыр. Алты жарым мың ағашты шауып тастауды ұйғарған шенеуніктер ол жерде академиялық есу спортына арналған каналды кеңейтпекші екен. Бірақ бұған табиғат жанашырлары қарсылық білдіруде.

Светлана Могилюк жылдар бойы ешкім тиіспеген мына жасыл желектің бір сәтте жойыларына сене алар емес. Алты жарым мың ағашты шауып тастауды ұйғарған атқамінерлер спортты дамыту үшін осындай шешім қабылдаған көрінеді.

Светлана Могилюк, «ЭКОМ» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі:

– Спорттың жастар үшін қажет екеніне келісемін. Бірақ мұндай жолмен емес. Жайқалып тұрған сап-сау ағаштарды бір сәтте қырып тастамақ. Бұл жақсылыққа әкеледі деп ойламаймын.

Академиялық есу спортын 20 жылдан соң қолға алған атқамінерлер бұрынғы есу каналын қайта тазартып қойған. Ал осы бағыттағы спорт шеберлері алдағы уақытта мұнда болашақ чемпиондарды тәрбиелеуге әзір. Қарағай, терек, қайыңдарды түгел шауып тастап, есу каналын халықаралық стандарттарға сай етпек. Экологтар талдарға тиіспеуді өтінгенімен, бұған ешкімнің көнгісі жоқ. Ертіс алқабындағы 500 гектар бұл жер –ерекше қорғалатын табиғи аумақ. Заң бойынша мұнда кез-келген тұрмыстық қызметке рұқсат етілмеген. Бірақ жоба жетекшілері өздеріне шаң жуытар емес.

Данияр Мұсатаев, «Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының заңгері:
-Қала әкімдігімен Усолка ауданында жер аумағы бөлінді. Бұл жер табиғи қорғау аумағы болып табылғанымен заң бойынша ол жерде спорттық нысандар тұрғызуға рұқсат бар. Алдағы уақытта ол жерде есу спортын дамытуға арналған жоба іске асырылады. 6500 ескі ағаш қырылғанымен, жаңа 30 мың ағаш отырғызу жоспарлануда.

Есу каналын әлемдік стандарттарға сай қылып салатындарын айтқан жоба жетекшілері осылайша аумаққа асыл тұқымды ағаштар отырғызамыз деп сендіруде.

-Ал ресми сұраныс хат жолдағанымызбен шаһар басшылары ерекше қорғалатын табиғи аумақтың корпоративтің қорға қалайша бөліп берілгені жөнінде жақ ашпады. Қоғам белсенділері болса, осы жылды «Экология жылы» деп жариялаған шенеуніктердің мыңдаған ағашты кесіп тастауды құптағанын түсінбей отыр. Ал жобаны іске асыру үшін бюджеттен емес, демеушілерден 1,5 миллиард теңге қаржы жиналыпты.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.