{metadescription}
Алматыда 9 адам тұратын баспана салынып жатқан метро станциясына құлай бастады
Алматыда 9 адам тұратын баспана салынып жатқан метро станциясына құлай бастады

Алматыда 9 адам тұратын баспана салынып жатқан метро станциясына құлай бастады

Толассыз жаңбырдан соң, жер үйдің ауласы терең шұңқырға опырылып түскен. Өйткені, апат болған нысан қазылған аумаққа тым жақын тұр. Негізі үй метро құрылысы басталғанда-ақ сүрілуі керек еді. Алайда жауаптылар онда тұру түк те қауіпті емес деп шешіпті.

 «Достық» метро станциясының құрылысы. Мұнда қазылған жердің тереңдігі 20 метрге дейін жетеді. Жауаптылар болашақ станцияның орнындағы үйлерді сүргенімен, жан-жақтағыларды ұмыт қалдырған. Сондықтан, шұңқырға тым жақын тұратындар әр күнін үреймен өткізуде. Тіпті, үйлердің бірі төменге сырғи бастаған.

- 5 бөлмелі жер үйдің ауласы кеше кешке опырылған. Мына жерде тұрған заттар да әпсәтте метроның шұңқырына түсіп кетті. Сол кезде аулада кішкентай балалар ойнап жүріпті. Әйтеуір, құдай сақтап, адам шығыны болған жоқ. 

Апатқа толассыз жауын-шашын себеп болған. Әрі жер сілкінісінің де әсері болуы мүмкін. Оның үстіне бұл үй мен қазылған аумақтың арақашықтығы 1 метр ғана. Қатерді сезген жұрт нысанның сүрілуін о баста талап еткендерін айтады. Құрылыс басталғанда, үйдің қабырғасында жарықтар да пайда болған. Атқамінерлер соның бәрін көре тұра, көз жұма қарапты. 

Майнұр Сраилова, Алматы қаласының тұрғыны:

- Бірінші күннен біз айттық. Сілкініп жатыр деп. Тыңдаған жоқ.

Метро құрылысына жауаптылар бәріне табиғатты кінәләді. Ал, мердігер компанияның жұмыс барысында ережені бұзған-бұзбағанын анықтауға кіріскен.

Қаныбек Нұрмахамбетов, «Метрополитен» КМК директорының орынбасары:

- Жоспардан тыс тексеріс басталды. Апатқа кімнің кінәлі екенін соның қорытындысы көрсетеді. Үй мен құрылыс жұмыстарының арасындағы арақашықтық сақталған немесе сақталмаған деп қазір айта алмаймын.

Жұрт баспанасымен қоса тереңге құлап, опат болудан қатты қорқады. Сондықтан, мұнда бір күн де қалмақ емес. Қазір киім-кешектерін жинауға кіріскен. Шенділер 3 айға пәтер жалдап береміз деп сендіріпті. Ал, одан кейін қайда бас сауғалап баратындары белгісіз. Сраиловтар отбасы үйлерінің сүріліп, құны қолдарына берілгенін қалайды. Мұндағы өзге тұрғындардың арманы да осы.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде