{metadescription}
Ақтауда шекарашылар әзірбайжандық браконьерлерді әзер дегенде қолға түсірді
Ақтауда шекарашылар әзірбайжандық браконьерлерді әзер дегенде қолға түсірді

Ақтауда шекарашылар әзірбайжандық браконьерлерді әзер дегенде қолға түсірді

Тіпті оларды ұстау үшін оқ атуға тура келген.

Заңсыз балық аулаушылар бір сағат бойы ашық теңізде қашып жүріпті. Қуаласпақ ойнап дымы құрыған шекарашылар амалсыз көктен де күш жұмылдыруға мәжбүр болған. Бірақ заң бұзушылар оған да бой бермей, ақыры оларға ескерту оғы атылады. Шетелдіктер оны да елей қоймаған. Тек қайықтың моторына оқ тигенде ғана жағдайдың күрделі екенін ұғып аялдапты. Бортта 4 әзірбайжандық болғанымен бірде-бір балық табылмаған. Өйткені қуғыншылар келгенше олжаларын қайтадан суға тастап үлгеріпті. Қазір табиғат қаскөйлері қамауға алынып, тергеу жүргізілуде. Олар шекараны заңсыз кесіп өтіп балық аулағаны үшін бес жылға дейін сотталуы мүмкін.    

Манарбек Нишов, шекарашы:

-Автоматтан оқ атылғасын екі моторы оталмай қалды. Істен шықты. Сонымен түнгі сағат екіден аса ұстадық. Содан кейін Ақтауға қарай бет алдық.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.