{metadescription}
Алматы облысында бір отбасын қырып салған қанішерлер ату жазасына кесілуі мүмкін
Алматы облысында бір отбасын қырып салған қанішерлер ату жазасына кесілуі мүмкін

Алматы облысында бір отбасын қырып салған қанішерлер ату жазасына кесілуі мүмкін

Осы Алматы облысында болған тағы бір қанды қылмыста жер жастанған марқұмдардың туыстары қылмыскерге ату жазасы тағайындалуын қалайды. 88-дегі кейуана мен оның 51 жастағы қызы және 23-ке енді толған немересінің пышақталған денелері өткен аптада өз үйінен табылған болатын. Айуандыққа барғандар да алысқа бармай ұсталыпты. Ал жақындарынан қапыда айырылған әулеттің мүшелері кеше оларды Қопа ауылындағы қорымға жерлеген.

Бұл жиырма үш жасында жанбай жатып өшкен Бекзат Нашарбекованың соңғы түскен суреттерінің бірі. Күдікті осы қыз үшін қырғынға барған деген мәлімет бар. Бірақ қандай себеппен екені әзірге белгісіз. Қайғылы оқиға болған күні үйдегі 88 жастағы Тазагүл Лақбаева мен қызы Дәния да пышақталған. Қылмыс 23 ші наурызда болыпты. Телефон тұтқасын көтермегеннен күдіктеніп көрші ауылдан келген туыстары мәйітті көріп есеңгіреп, көршілерді көмекке шақырған.

Күміс Бақтан, көршісі:

-Куәгер ретінде мәйітханаға апарды бізді.

-Денелері қатты тілініп пе?

Денесі дегенде өлген қызды ғана көрдік. Бетін екі үш жерден кішкене сызып тіліпті. Қолтығының астынан бес жерден пышақтапты.

Іргесі көтерілгеніне көп болмаған бұл үйге марқұмдар былтыр көшіп келген. Қарашаңырақ Ұзынағаштан 80 шақырым жердегі Қопа ауылында. Анасы мен қарындастарынан қапелімде айырылған Берікхан Лақбаев оларды жер қойнына тапсырды. Кеше ғана мейрамда күліп-ойнап жүрген жақындары енді бір-ақ сәтте төмпешікке айналғаны қабырғасын қайыстырады.

Берікхан Лақбаев, Т.Лақбаеваның ұлы:

-Азғантай зейнетақы  алады, тонайтындай да ешнәрсесі жоқ. Қарындасым жамбасын сындырып алған. Ол жұмыс істемейді. Бекзат істейді. Ол қанша алады, 50-60 мың алатын шығар. Ату жазасы керек.

22 жастағы күдікті көп өтпей ұсталды. Қылмысын жасырып, жәбірленушімін деп жауаптан қашқысы келді ме кім білсін, өзін де пышақпен тілгілепті.

Көбейхан Нұрахмет Алматы облысы ІІД ресми өкілі:

-Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары ҚР ҚК 99 бабына сәйкес басталып жүргізілуде.

-Бір әулеттің үш адамын өлтірді деген күдікті қазір қамауда. Қанды қылмыстың мән жайы анықталғанша қамауда болады. Ал, қайғыдан қан жұтқан марқұмның туыстары аяусыз қылмысқа барған азаматқа өлім жазасы тағайындалуын қалайды.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде