{metadescription}
«Бала дауысы» байқауына қалай қатысуға болады?
«Бала дауысы» байқауына қалай қатысуға болады?

«Бала дауысы» байқауына қалай қатысуға болады?

Енді ұйымдастырушылар еліміздің барлық облысын араламай, тума таланттарды онлайн жүйесінде таңдап алады. Ал, ұлттық ән сайысына қатысуға ниет білдірген өрендер бар болғаны видеоға жанды дауыспен ән айтып, байқаудың ресми сайтына жіберуі тиіс. Айта кетейік, 8 бен 12 жас аралығындағы үздік жас әншілерді анықтайтын жобаның іріктеу кезеңі 15 сәуірге дейін жалғасады.

Биыл «Бала дауысы» ән байқауына іріктеу онлайн жүйесінде өтіп жатыр. Жобаға қатысуға ниет білдіргендер бар болғаны сауалнама толтырып, жанды дауыспен ән айтқан видеосын жобаның арнайы сайтына жіберуі тиіс. Еліміздің барлық ауыл-аймақ, аудандарындағы өнерге ынтық таланттардың бағын ашу үшін ұйымдастырушылар жобаға жаңа формат енгізіпті.

15 наурызда басталған іріктеу кезеңі 15-ші сәуірге дейін жалғасады. Күміс көмей әнші балалардан өтініштер толассыз келіп жатыр екен.Алайда, музыкалық продюсерлер мыңдаған әншінің арасынан тек 80 дарын иесін таңдап алмақ.

Толғанай Хасен «Бала дауысы» ән байқауының үйлестірушісі:

-Еліміз талантты балаларға бай. Ол бізді қуантады. Бірінші кезеңнен кейін балалар осы Алматы қаласына келеді. Әр облыстан 5 баладан таңдаймыз. Жанды тыңдалымда біздің әділ-қазылар 18 үздік талантты таңдап, байқаудың финалында жолдама алады.

«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» суырылып шыққан 18 бала финалда өнер көрсетеді. Олар ең алдымен, күзде Алматыға келіп, бір ай бойы мамандардан сабақ алады. Үлкен сахнаға кәсіби даярлықтан өтеді.

Әділбек Болат «Бала дауысы» ән байқауының үйлестірушісі:

-Үшінші ән байқаудың ашылу салтанаты 26 мамырда Астана қаласында өтеді. Былтыр жеңімпаз болған балалар мен экстарада әншілері үшінші кезеңді ресми түрде ашып береді. Бірінші байқаудан бастап біздің мақсатымыз айқын болды. Ол – еліміздегі ауыл, аудандардан тума таланттарды шығару. Оларды елге көрсету. Жұлдыз жасау.

Әлеуметтік жобаға мәдениет және спорт министрлігі мен Тұңғыш Президент қоры мұрындық болған.Айта кетейік, көрермендер 18 жас әнші сынға түсетін 6 концерттік бағдарламаны 27 қазаннан бастап әр сенбі сайын КТК арнасынан көре алады.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде