{metadescription}
Еліміздің солтүстігіне көшкен отбасылар қайта кері қайтып жатыр
Еліміздің солтүстігіне көшкен отбасылар қайта кері қайтып жатыр

Еліміздің солтүстігіне көшкен отбасылар қайта кері қайтып жатыр

Еліміздің оңтүстіктігінен  солтүстікке ауған көш кері қайтуда. Бірнеше отбасы жаңа жерге үйренісе алмай, туған өңірлеріне қайта  көшіп жатыр. Шенеуніктер ішкі миграцияға жұмсалған қаржыны  ешкімнен  дауламаймыз деп отыр.

Мәдина Әбілқасымова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

-Солтүстікке көшіп кеткен адамдардан 19-ы  ғана  оңтүстікке қайтып келді. Олардың себебі әртүрлі. Көбісіне  климат жақпады, суық болды деп, денсаулыққа кедергі болды деп, сол себептерден қайтып келгендер бар.

Сондықтан, биылдан бастап солтүстікке көшкен отбасыларды  жұмыс беруші баспанамен  қамтамасыз етеді. Енді мемлекет жанұяға емес, мекемеге  1 миллион 60 мың теңге бөледі. Осы қаржыға тұрғын үй тауып беруі тиіс. Өткен жылы оңтүстіктен солтүстікке 3 мың 800 жнұя қоныс  аударған. Сондай-ақ, Үкімет оралмандар да  тегіс азаматтық алу үшін  қосымша уақыт беруге мәжбүр болып отыр. Өйткені, бір жылда 200  мың қандасымыз құжаттарын реттеп үлгермепті. Шенеуніктер шетелден көшіп келген қазақтарға тағы үш ай қосып бермек. Сонымен қатар,  енді отбасын  құрмаған оралмандарға да мемлекеттен ақша беріледі. Бұған дейін жалғыз жүрген жандарға жәрдемақы төленбейтін.

Мұрат Бақтиярұлы, Сенат депутаты:

-Әсіресе, Қытайдан  келген бауырларымыз осындай қиындыққа тап болады.

Күнімді қалай көремін, қай өңірге барамын деп жүргенде  уақытты өткізіп алады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.