{metadescription}
Танымал кәсіпкерлерді алдап соққан Ақуов 12 жылға сотталуы мүмкін
Танымал кәсіпкерлерді алдап соққан Ақуов 12 жылға сотталуы мүмкін

Танымал кәсіпкерлерді алдап соққан Ақуов 12 жылға сотталуы мүмкін

Талайды зар қақсатқан «тәуелсіз кәсіпкерлер қауымдастығының» президенті құрықталды. Өзі де ірі бизнесмен Талғат Ақуов біраздан бері ұстатпай, қашып жүрген еді.

Қазақша кәсіп жүргізу жайлы кеңес бергіш ол алаяқтық әрекеті үшін қамауға алынған. Күдікті құрбандарын алыстан іздемепті. Яғни, өзі басқарған ұйымға мүше бизнесмендерді сан соқтырған екен. Ақуовқа алдандым деп, шағым түсіргендер саны әзірге 38 адам. 4 ай бұрын арбауға түскен бір топ кәсіпкер біздің арнаға да жүгінген болатын. Сөйтіп, күдіктінің жалпы саны 65 бизнес өкілінен Қарқаралыда демалыс орнын салу үшін миллиондаған ақша алғанын жария еткен-ді. Әрі оны еселеп қайтармаққа уәде беріпті. Алайда, оңай олжаны көздегендер пайда тұрмақ, өз қаржыларын қайтара алмай жүр. Тіпті, көптің ақшасына тұрғызылған демалыс орнын Ақуовтың сатып жібергені белгілі болды. Миллиондарды қалтасына басқан басшы Қарағандыда ұсталған. Артынша тергеу жүргізу үшін Алматыға әкелінді. Енді қылмысы сотта дәлелденсе, оны ауыр жаза күтіп тұр.

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ІІД ресми өкілі:

-12 жылдан аса бас бостандығынан айыру мерзімін көздейді.

Жәбірленушінің саны едәуір көп болуы мүмкін. Егер қандай да бір себептермен бұрын-соңды шағымданбасаңыз бұл азаматқа қатысты, қазір арызыңызды түсірсеңіз болады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.