{metadescription}
​Семейде төтенше жағдай жаряланды
​Семейде төтенше жағдай жаряланды

​Семейде төтенше жағдай жаряланды

Жергілікті биліктің Ертіс өзеніндегі қатқан мұзды жару жұмыстары нәтиже беретін емес. Тіпті жарылыс екпінінен өзен жағасындағы үйлердің терезесі сынып жатты. Мамандар Түйемойнақ аралын осылайша топан судан құтқаруға тырысқанымен, енді  Затон кенті мен Бобровка ықшамауданының саяжайларын су басып қалды. Бұл аумақтардағы жұрат жаппай қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр.

Тасқыннан зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Дегенмен, Затон кентіндегі үш бірдей көше су астында қалды. Тіпті, тосқауыл болу үшін жұмылдырылған техникалар мен адамдардың өзіне топан су бой беретін емес.

Өйткені, су деңгейі көтеріліп, төңірегін түгел шәйіп барады. Сондықтан баспаналардың барлығы белуардан келетін суда тұр. Ал, құтқарушылар, жұртты жаппай көшіріп жатыр. Қазіргі мезетте, 41 адам шаһардағы қонақ үйлерге орналастырылды. Әйтседе, күні төрт түлікке қарап отырған кейбір тұрғындар сиырларын жетектеп қайда барарын білмей дал.

Қуаныш Мейірбекұлы, Семей қаласының тұрғыны:  

-Су алып кетті бәрін. Не істерімізді білмей тұрмыз. Үйге бара алмаймыз.  Бір жарым, екі метр Ертіс аржақтан қатып жатыр.

Сондай-ақ, арыны қатты тасқын арнасынан асып Бобровка ықшамауданындағы саяжайларды да басып қалды. Бүгінде, құтқарушылар, топан су шайған екі айммаққа бөлінген екен. Онда да, жұртты көшіру жұмыстары жүргізілуде. Ал атқамінерлер Түйемойнақ аралын судан құтқару үшін Ертіс өзеніндегі қатқан мұзды жаруға көшкен еді. Бірақ, екінші жарылыс сәтсіз аяқталды. Себебі, дүр сілкіндірген дүмпу өзенге жақын орналасқан көпқабатты үш үйдің әйнектерін сындырды.

Бірақ, жергілікті билік бұл шығынды тұрғындарға толық өтеп береміз деп сендіріп отыр. Әзірге, шамасы жеткен жұрт өздерінің қалтасынан қаражат шығарып әйнек салуды сұрады. Тек, төлем түбіртектерін ұмытпауы керек.

Иә, Ертіс өзеніндегі алғашақы мұзды жару жұмысынан кейін тасқынның беті қайтты. Бүгінде Түйемойнақ аралындағы тұрғындар баспаналарына оралып жатыр екен. Ал, су басып қалған 10 шақты үй мен кафелерді коммисия тексеретін болады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде